Кемероводағы өртке жасөспірімдер айыпты болуы мүмкін
27.03.2018, 09:50

Кемероводағы өртке жасөспірімдер айыпты болуы мүмкін

Кемероводағы өртке жасөспірімдер айыпты болуы мүмкін Фото: Корреспондент.net

Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығына өрт қойды деген күдікпен жасөспірімдер туралы жеке ақпарат құқық қорғау органдарына берілді, деп хабарлайды silver.ru.

Төрт қабатты сауда орталығында өрт жексенбі күні шыққан. ТЖМ мәліметінше, 64 адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның бірнеше себебі белгілі, олардың бірі – жасөспірімдер төртінші қабаттағы «Круча» ойын орталығында поролон текшелерді тұтандырып жіберген соң, өрт шыққан. Бұл жасөспірімдер өрттен аман қалыпты.  

«Ойын залына жасөспірімдердің өрт қойғаны туралы болжамды Кузбасс вице-губернаторы Владимир Чернов айтты», — деп хабарлайды басылым.

Тағы бір мәліметке сүйенсек, балалар мерекесі кезінде жағылған шамдар өртке себеп болуы мүмкін. 

Үшінші болжам бойынша, қысқаша тұйықталу салдарынан жалын лаулап жана бастаған.

Sputnik Қазақстан тікелей эфирінде қаза тапқандардың достары мен жақындары айтқандай, соңғы күндері сауда орталығында жарық жиі сөніп қалады екен.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер