8 наурызда Түркіменстан қыз-келіншектеріне 11 доллардан табысталады
02.03.2018, 09:00

8 наурызда Түркіменстан қыз-келіншектеріне 11 доллардан табысталады

8 наурызда Түркіменстан қыз-келіншектеріне 11 доллардан табысталатын болды, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Бұған Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердимухамедовтың 8 наурыз мерекесіне орай, елдегі әйелдерге 40 манат (шамамен 3 800 теңге) беру туралы жарлығы себеп болғалы отыр.

Ktk.kz порталының жазуынша, Гурбангулы Бердимухамедов осы жарлыққа қол қойғаннан кейін Әйелдердің халықаралық мерекесіне орай 1-6 наурыз аралығында елдегі қыз-келіншектер ақшалай сыйақы алатынын атап өткен.

Қол қойған жарлыққа сәйкес, кәсіпорындарда, мекемелерде түрлі ұйымдарда жұмыс істейтін елдің әйелдері  ақшалай сыйлықтар алады.

Бұдан бөлек  мектеп оқушылары, магистратура, докторантурада оқитын, зейнеткерлер мен мемлекеттік жәрдемақы алатын әйелдерге де беріледі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер