Ақтөбеде туберкулезге шалдыққан жас мұғалім осы уақытқа дейін балаларға сабақ беріп келген
24.02.2018, 11:48

Ақтөбеде туберкулезге шалдыққан жас мұғалім осы уақытқа дейін балаларға сабақ беріп келген

Ақтөбеде туберкулезге шалдыққан жас мұғалім осы уақытқа дейін балаларға сабақ беріп келген primechaniya.ru

Ақтөбеде жиырма жастағы мұғалімнен туберкулез анықталды. Қаладағы тілдерді оқыту орталығының бірінде ағылшын тілінен дәріс берген жас мұғалім құрт ауруының ашық түрімен ауырса да балаларға сабақ беріп келген. Қазір науқаспен тікелей қатынаста болған 112 бала дәрігерлік тексеруден өтіп жатыр, деп хабарлайды 31 арна.

Балалары оқитын жеке оқу орталығында ашық формадағы туберкулез ауруы шықты деген хабарды естігелі ата-аналарда зәре жоқ. Айтуларынша өкпе ауруына шалдыққан жас мұғалім осы уақытқа дейін балаларына сабақ беріп келіпті. Ауада тез таралатын ауру енді ешкімге жұқпаса екен деп тілейді. Ал  жағдайды орталықтың басшылығынан емес, учаскелік дәрігерлерден естідік дейді ата-аналар.

“Біздер кеше естідік көршілерден. Осындай жағдай болып жатыр деп. Соны бүгін анықтауға келдік”, – дейід ата-ана.

“Бұлар бізге хабар беру керек еді.  Қанша айтқанмен балалар ғой. Бұл мұғалімді қалай жұмысқа қабылдап жүргенін. Қатты қорқамыз. Баламды дәрігерлік тексеруден өткіземін”, – дейді ата-ана.

Ал тілдерді оқыту орталығының басшылығы болса қоластындағы жас маманның науқас екенін білмедік деп ақталады. Қаңтар айында дәрігерлік тексеруден өткіп келгенде дерт анықталмаған деп отыр. Ал оның туберкулезге шалдыққандығы жайлы хабарды ақпанның 15 күні білдік дейді.

“Ауру анықталған маман бізде мұғалім болып 8 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Ал 2 – ақпаннан бастап ол больничныйға кетті. Алғашында оған бронхит деген диагноз қойылған. Содан кейін естідік туберкулезге шалдыққанын. Жағдайдан кейін СЭС мамандары келіп эпидемияға қарсы шаралар жүргізіп кетті”,  дейді тіл оқыту орталығының басшысы Ирина Аверьянова.

Ал дәрігерлер болса қазір сол өкпе ауруына шалдыққан мұғаліммен қатынаста болған балалардың тізімін жасап, тексеруден өткізуді бастадық дейді. Алайда жұқпалы құрт ауруы адамға жұққан жағдайда бірден байқала бермейтінін еске салады.

“Қазіргі таңда бізде 112 баланың тізімі бар. Балаларды учаскелік дәрігерлер шақырып біріншілік тексерулерден, оның ішінде рентген, жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі беріледі. Сонымен қатар манту сынамасынан өткіземіз”, – дейді отбасылық медицина орталығы бас дәрігерінің орынбасары Ләззат Рсалиева.

Ал орталықтың басшылығы туберкулез анықталғаннан кейін кеңсе ішіне толық дезинфекция жасадық деп отыр. Әзірге уақытша жабу туралы нұсқау бермепті.

©stan.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер