ОҚО-да биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді
21.02.2018, 08:00

ОҚО-да биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. 16 қаңтар күні облыстық №2 перинаталдық орталығында бір ұл мен екі бірдей қыз баласы туылған, деп silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Туылғанда әрбір баланың салмағы шамамен 1,5 келі болған. 7 айлығында шала туылған сәбилерді дәрігерлер 40 күн бойы күтіп, жетілдіріп барып бүгін перзентханадан шығарып отыр. Ақхалаттылар қазір нәрсетелердің денсаулықтары жақсы екенін айтады.

«Өкпесі дұрыс дамымай туылған нәрестелердің үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Жансақтау бөлімінде жатқан үшемнің беті 5 күн дегенде бері қарап, қосымша бір ай арнайы күтім жасайтын бөлімшеде болды. Осы аралықта сәбидің әрқайсысы бір келідей салмақ қосты», – деді облыстық перинаталдық орталықтың нәрестелер патологиясы және шала туған нәрестелерді күтім және сырқат бөлімшесінің меңгерушісі Гүлнәр Сапиева.

Алғаш рет ана атанған 21 жастағы Гузал Нурмиминованың жақындары сәбилерді Зухра, Захро және Хасан деп атаған.

Айта кетейік, өңірде жыл сайын орташа есеппен 7-8 үшем туылып келеді. Соңғы 10 жылда мұндай қуанышқа 79 отбасы кенелген. Ал, жылына Оңтүстік Қазақстан облысында орташа есеппен 750 егіз өмірге келсе, соңғы 10 жылда 7259 егіз туылған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер