Ақмола облысында жас аналар «Азаматтарға арналған Үкімет» жобасын сәтті қолдануда
02.02.2018, 18:20

Ақмола облысында жас аналар «Азаматтарға арналған Үкімет» жобасын сәтті қолдануда

Ақмола облысында жас аналар «Азаматтарға арналған Үкімет» жобасын сәтті қолдануда 7sunews.kz

Ақмола облысында жас аналар «Азаматтарға арналған Үкімет» пилоттық жобасын сәтті қолдануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ақмола облысындағы балабақшаларға біртұтас кезекті енгізу туралы» тақырыбымен өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақмола облысы бойынша халыққа қызмет көрсету департаментінің мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің бас маманы Жазира Сыздықованың айтуынша, «Азаматтарға арналған Үкімет» пилоттық жобасы халық пен мемлекеттің арасындағы байланысының жаңа түрі. Осы арқылы мемлекеттік органдар халыққа сапалы әрі жедел қызмет түрлерін көрсете алады.

«Осындай мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін тұрғындар мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Оны кез келген адам электронды үкімет порталында жеке кабинеті арқылы мобильді телефон нөмірін өзінің ЖСН-не (жеке сәйкестендіру нөмірі) бекітуі керек. Оны әр адам өзі немесе ХҚО «Connection point» өзіне өзі қызмет көрсету секторында кеңесшінің көмегімен жүзеге асыра алады.

Қазіргі кезде, Ақмола облысында осындай қызмет түрін 47 жас ана қолданып, 143 құттықтау «смс» хабарлама жолданды. Оның ішінде Гүлжайна Сәбитова есімді нәресте бірінші болып «смс» хабарлама арқылы туу туралы куәлік алды», - деді Жазира Сыздықова.

Сонымен қатар, брифингте Ақмола облысындағы балабақшаларға біртұтас кезекті енгізу мәселесі де сөз болды. Жалпы, осы күні облыста 601 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 228-і балабақша, 373-і шағын орталық. Жалпы, 1-6 жасқа дейінгілер арасында 37005 бала немесе 66,4 пайызы (оның ішінде 3-6 аралығындағы 31445 бала немесе 97,7 пайыз) мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, өңірде жекеменшік балабақшалардың да саны артып келеді. Қазіргі кезде, облыста барлығы 96 жекеменшік балабақша тіркелген. Мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы пайдалануға берілген балабақшалардың есебінен 1896 орын ашылды.

Автор: Аслан Оспанов

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер