Енді қазақстандықтар жолдың дұрыс жөнделмей жатқанына шағымдана алады
01.02.2018, 14:30

Енді қазақстандықтар жолдың дұрыс жөнделмей жатқанына шағымдана алады

Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

“Енді аудандық маңыздағы қалалар мен ауылдарда, жекелеген ауылдық округтердің жеке бюджеті болады. Бұл деңгейдегі сыбайлас жемқорлықты мысалға келтірмей-ақ қояйын, сіздер онсыз да бәрін білесіздер. Бірақ осы тұста бір маңызды проблеманы атап өткім келеді: ішкі істер органдарымен салыстырғанда, агенттік әр елді мекенде бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ауқымды инфрақұрылымға ие емес. Дегенмен аудандар мен ауыл тұрғындары бір-бірін жақсы таниды, айналада не болып жатқанынан хабардар. Сондықтан біз күш-жігерімізді біріктіру үшін  “Қоғамдық бақылау картасы” жобасын іске асыру мүмкіндігін пысықтап жатырмыз”, — деді Шпекбаев.

Оның айтуынша, енді кез келген азамат әлеуметтік желі арқылы мемлекеттік қызметтің сапасыз көрсетіліп жатқанына шағымдана алады.

“Мәселен, егер ауылдық округте жол дұрыс жөнделмей, мемлекеттік бағдарлама аясында салынған газ құбыры жұмыс істемесе, әр адам агенттікке хат жолдай алады. Азаматтардың өтініші лезде қаралады. Әлеуметтік желілерде арнайы парақшалар ашылады. Материалды қалаған формада жіберуге болады. Кейде тіпті бір сурет те жеткілікті. Мәселен, орталықтан Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жастар кентінде не болып жатқанын біле алмайсың. Сондықтан бізге жергілікті жерлерде жағдайды бақылайтын белсенді азаматтық көмекшілер қажет. Оның үстіне елді мекендерде азаматтық бақылау жоқ. Қазір бұл мәселелер күн тәртібінде”, — деді агенттік басшысы.

Шпекбаев агенттік бастамасын азаматтарға түсінікті тілде жеткізуде тапсырды.

“Маңыздысы, олар бұл идеяны ұғынып, қоғамдық бақылауды іс жүзінде талқылай бастауы керек. Агенттіктің аумақтық департаменттеріне өзара іс-қимыл тетігін пысықтауды, оны азаматтар үшін барынша ыңғайлы етуді тапсырамын. Әр түскен хатты бастан-аяқ зерделеу керек, оқиға орнына барып, тексеріс шараларын ұйымдастырған абзал”, — деді ол.

©Stan.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер