Астана қаласының ТЖД 2017 жылы атқарған жұмысын қорытындылады
06.01.2018, 23:32

Астана қаласының ТЖД 2017 жылы атқарған жұмысын қорытындылады

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2017 жылы атқарған жұмысы бойынша есеп берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы ТЖД басшысының орынбасары Мейрамбек Қайсановтың айтуынша, 2016 жылы бас қалада 77 төтенше жағдай тіркелсе, 2017 жылы олардың саны 75-ке дейін азайып, 2,6% төмендеген.

«Төтенше жағдайлар кезінде 27 адам қайтыс болып, шығын көлемі 64,4 млн теңгені құрады», - деп айтты М.Қайсанов

Сондай-ақ, оның айтуынша, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін астаналықтарға 54 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

«Өткен жылы департамент қызметкерлері 1300-ден астам тексеріс жүргізді. Соның ішінде, өрт қауіпсіздігі саласындағы 680 тексерудің нәтижесі бойынша 5300 –ден астам заң бұзушылық анықталды.700-ден астам кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеріс нәтижесінде 81 алдын алу ескертпесі жазылып, жалпы сомасы 24 миллион 788 мың теңгені құрайтын 635 айыппұл салынған. Сонымен қатар, бұдан бұрын берілген нұсқамаларды орындамағаны үшін сот шешімімен 56 нысанның жұмысы 139 күнге тоқтатылып, сомасы 29 млн 655 мың теңгені құраған 109 айыппұл салынды», - деп айтты департамент басшысының орынбасары.

Астана қаласы ТЖД-нің ақпараты бойынша өткен жылы қалада 699 өрт болып, өрттен 11 адам қайтыс болған. Оның үшеуі бала. Автокөліктердің 161 рет, тұрғын үй секторының 377 рет өртенуі тіркелген.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер