2018 жылға жұлдыз жорамал
05.01.2018, 13:06

2018 жылға жұлдыз жорамал

КТК КТК Фото: Жұлдыздар құпиясы
Қиыр Шығыстың астролог, сәуегей және парапсихологтар академиясы 2018 жылға арналған жұлдыз-жорамалын дайындады.

Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)

Тоқты бұл жылы өткенін ұмытып, аяғынан нық басып, ілгері жылжитын болады. Өзгерістерге толы ерекше кезең күтілуде. Көптеген тоқтылар бұл жылы тұрғылықты жерін ауыстырады немесе көшеді. Көбісінің жеке өмірінде елеулі өзгерістер бар. Не болса да, өмір сүру қағидасын өзгертеді.  Мақсат, міндеттерің айналаңдағы адамдарға тәуелді болады. Әрдайым өткеніңді қазіргімен салыстырып, кешегі күн оқиғаларының логикасын табасың. Жұмысың табыс әкеп, тыраштанған еңбегің нәтиже бере бастайды. Қанша болса да, жинаған тәжірибең – сенің басты құжатың, соны түсінесің. Іскерлігіңе қатысты қызметке шақырады, бірақ бірнеше ұсыныстан бас тартасың. Ал творчестволық тоқтылар өзгемен бірге өзін де таң қалдырады.  Айналасындағылар жетістігіңді байқайды. Бірдемені құрастырып, оны аяғына дейін жеткізіп, ылғи да іс-қимыл талап ететін қызметте қаржылық табысқа жетесің. Өз образыңды қалай жасасаң, жыл да соған байланысты болмақ. Жасарғың келсе – жасарасың. Ал жасым келді деп ебедейсіз, икемсіз болсаң,  жыл да сені қартайтады. Жұлдыздар саған позитив ұсынып отыр. Жеке өмірдегі бақытың да алыс емес. Махаббат пен есінен айырылып ғашық болу да осы жылда күтілуде.

Торпақ (21 сәуір – 20 мамыр)

Торпақ бұл жылы бір маңызды сәтті өткізіп алмауға тырысып, болашаққа зер салып қарайды. Қателіктерден, қате әрекеттерден қорқатын боласың. Өткенде қарқынды, жеткілікті істеген істеріңе қанша күш-жігеріңді салғаныңды түсінбегенсің, нәтижесін көрмепсің. Басқа адамдарға жомарттықпен көмектескен сәттілік сені байқамай келген. Биыл кәсіби мүмкіндікті жақсартуға қауқарың жетеді. Өзіңе ұнайтын және лайықты жұмысқа қатысты идеяларыңа сәйкес келетін жаңа жұмысқа шығуың мүмкін. Көптеген жағдайда өз күшіңе, өз қабілетіңе сенім артуға тура келеді. Білім деңгейін арттыру, қосымша білім алу немесе жаңа нәрсені үйрену мүмкіндігі пайда болады. Ұзақ уақытқа созылған күрделі қаржылық мәселені шешесің. Татымды, ұзақ мерзімге жарамды дүние сатып аласың. Таныстық жағынан да солай болмақ. Өміріңе тұрақты жаңа дос енеді. Алайда, тәуелсіздікті сақтау қажет. Өзгенің саған ықпалы тым белсенді болады. Таныс ортадан гөрі саяхатта, әсіресе алыс жерлерде өзіңді табысты және бақытты сезінетін боласың.

Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)

Егіздерде отбасына, салт-дәстүрге деген ұмтылыс болады. Жалғыз қалу қиын, өйткені ең жақсы құндылық туысқандармен байланысты болмақ. Үйден алыс жерлерде, сапарларда, таныстарыңның арасында әрдайым жалғыздық күйін кешесің. Өз мақсаттарың мен міндеттеріңді нақты түсініп, алға сеніммен жылжисың. Білімін толықтыруға, оқытуға ең кіші жастағы балалар үшін қолайлы жыл. Отбасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін біраз дүние сатып алуың мүмкін. Мысалы, үй жануарын. Және биыл керемет саяхат күтіп тұр. Кейбір егіздер тұрғылықты жерін ауыстырып, көшуі мүмкін. Таңдау жасағанда тек туыстарыңның кеңесіне арқа сүйейсің. Жақындарыңның қағидасы мен тілегіне сенесің. Бірақ сонымен бірге қарым-қатынастың тұрақсыздығы мен алаңдаушылық сезімі де болады. Қызғаныш сезімі жүрегіңді жаралап, парасат, ақылмен ойлау қабілетіне орын қалдырмайды. Қаржы жағы қалағаныңды алу ынтасымен тығыз байланыста болады. Осы тұрғыда туыстарың мен әріптестерімен жұмыс істеп жатқан істерден ақшаға қатысты қиындық туындайды. Қаржылық қақтығыстың кесірінен ескі досыңмен қарым-қатынасың бұзылуы мүмкін. Артық салмақ, жалпы салмақ тұрақсыздығы болады. Келбетіңнің, сыртқы түрінің ерекшеліктерін өзгертуге тырысасың.

Шаян (22 маусым – 22 шілде)

Биыл басты назарда – құндылықтар. Сапалы дүниеге әсер ететін көріністер қызықтыратын болады. Көп нәрсе ерік-жігеріңіз мен өзіңді ұстау қабілетіңе байланысты екенін түсініп, бәріне ойланып, жауапкершілікпен қарайсың. Ұнататын адамыңа қамқор болып, қуанышқа бөленесің, жақындарыңның жетістіктігі мен табысын мақтан тұтасың. Осы жылы туыстарыңның ішінен бір адам танымалдылыққа ие болып, ерекшеленеді. Бұл оқиға сені шынымен қуантады. Алайда өзіңнің жеке жетістігің туралы да толғанып, қобалжитын боласың. Кәсіби күш-жігеріңді «сыйлық» және «қайырымдылық» сияқты терминді пайдаланбай, ақша жинауға ұмтыласың. Дегенмен, бар тапқаның саған қиын жолмен, жеке күш-жігермен келеді. Өйткені сен жұмысыңды шын ниетіңмен атқарып,  әрқашан бар ынтасымен істейтіндердің қатарына жатасың. Биыл күнделікті тұрмысқа көп алаңдайсың. Әр жағдайды қуанышпен қарсы аласың, оған жақындарың да таң қалады. Мүдделерің сәл өзгереді, ал ең жақсы көңіл-күй бұрын айналыспаған істермен байланысты болады. Өмір салты бойынша елеулі өзгеріс бар. Туыстарың көбейеді. Сенің жынысыңмен бір адам отбасыңа ұзақ уақытқа, мүмкін, тіпті мәңгіге қоныстанады. Жеке өмірің сен үшін өте бағалы, сондықтан басқаны іздемейсің.

Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)

Арыстанның биыл ойы да, эмоциясы да емін-еркін. Бірақ басқаларға дұрыс әсер ету үшін ұстамдылық танытасың. Сен үшін өзгелердің пікірлері маңызды болады. Достарың мен таныстарың өзіңе тартасың, себебі солардың  мүмкіндіктерін өз пайдаңа асыруың мүмкін. Дегенмен көбісі сені қуантуға тырысып, сенің көзіңе түсуге өздері ұмтылады. Биыл табысты боласың және өзіңе көңілің толып жүреді. Бірақ қарым-қатынастағы ұзаққа созылған жанжалдар мен қастықтан құтылуың қажет. Әсіресе бұл жұмысқа қатысты. Мүмкін, басқа адамдардың көмегімен басталған нәрсені аяқтауға мүмкіндік аласың. Бірге қызмет істеуге күтпеген ұсыныс түседі. Көптеген арыстандарға шетелде жұмыс істеу келешегі ашылады. Қалай болса да, алыста тұры мүмкіндігі сенің тағдырыңда маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік мәртебең өзгеруі мүмкін. Әке, ана атануың мүмкін. Және сен үшін таңғажайып жаңару болмақ. Махаббат пен ақша үнемі қызығушылық танытатын дүниең болып қала береді, кейде орыны ауысқаны болмаса. Қателесу қаупі де жоқ емес.

Бикеш (24 тамыз – 22 қыркүйек)

Бикеш биыл үш адамның қатысуымен махаббат кикілжіңінде болады. Қуантатыны, тәжірибе жинап, тұжырым жасайсың. Кейде басқа адамдарға кінәрат артып, жиі ескерту жасап, сүйкімің кетеді. Өзгелерге не істеу керектігін айтуға тырысып, әрекет ету қажеттігіне баса назар аударасың. Сенің батыл іс-әрекетіңде өзіңнің табиғат жаратқан – нәтижеге қол жеткізу мақсатынан басқа ештеме жоқ. Бикештер жақын адамдарына және олардың істеріне толық сенімді. Маңызды рөл атқаратын дүние – әл-ауқаттың сыртқы белгілері. Өршіл мақсаттар бар. Жақындарыңның ортасында әрдайым жоспарыңның маңыздылығын талқылайтын боласың. Бұл жылы отбасы мүшесі артады. Туысыңның пәтер мәселесін шешуіне белсенді араласасың. Ал кәсіби қызмет жағы іс жүзінде өзгермейді. Бірақ бірге қызмет істеу туралы ұсыныс түсуі мүмкін. Ұжымды немесе кәсіпорын басқаратын бикештер ықпал ету шекарасын кеңейтеді. Саған дос әрі көмекші бола алатын адаммен жақындасасың. Ал, жалпы қаржы жағы іс жүзінде өзгермейді.

Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)

Таразы биыл қажетті өзгерістерге дайын. Сенің кез келген соққыны абыроймен қабылдай білетін қасиетің табысқа кенелуге жетелейді және өзің сенетін адамдарыңның да саған қарым-қатынасы осы қасиетке байланысты болмақ. Тіпті сенім артпаған адамдардан да қолдау табасың. Өміріңдегі оқиғалардың басты мәні кәсіби тақырыптың айналасында болады. Өз деңгейіңді түсінесің. Бірақ басқа адамдардың бағалауына қарамастан, өз дағдыңды жетілдіруге және жаңа тәжірибеге ие болуға дайынсың. Қандай жағдайда да сенің пікірің өзге пікірден гөрі жоғары және құнды болады. Жұмыс орнындағы кадр саясаты мәселесі сені  айналып өтпейді. Күтпеген жерден тікелей ортаң үшін маңызды болады. Бір әріптесің туралы пікірің өзгереді. Онымен қарым-қатынасты үзесің. Жеке және іскерлік құпия сипатта кездесулер күтіп тұр. Қаржы жағы бірте-бірте жақсарады. Бірақ шығысты бақылау қажет. Саяхатқа көп уақыт жұмсалады, көбінесе жұмысқа байланысты. Кішкентай балалары бар таразылар тұрмыс жағдайын қалпына келтіреді. Таразылар үшін биыл мереке әдеттегіден көбірек болады.  

Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)

Сарышаяндар барлық жағынан тәуелсіз болады, яғни бар мәселені тек өзі ғана шешетін болады. Тәуелсіздік табысты қызметтің бастаушы базасы бола алады және іскери әріптестермен жанжал тудыруы мүмкін. Не нәрсені қолға алсаң да, назардан тыс қалмайсың. Әр мәселе сенің мақсаттарыңның төңірегінде болмақ. Көп нәрсе өткенде жасаған істеріңе байланысты. Бұрынғы күш-жігер бүгінгі оқиғаларға әсер етеді. Өмірдің материалдық жағы басым болады. Кейде бәрін ақшамен бағалауға тура келеді. Бірақ басты құндылықты өзің еліктеген адамнан табасың. Сол адам саған үлгі береді. Сенің үлгі тұтатын адамдарың өз ортаңнан емес, бірақ олар кәсіпқой, білікті тұлғалар. Жиі іс-шаралар ұйымдастырып, қуанышқа кенелесің. Әр сапарыңды алдын ала жоспарлап отырасың. Өмір салтың мен әдеттеріңді жаңғартуға тура келеді. Ал жеке өміріңде күрт өзгеріс күтіліп тұр. 

Мерген (22 қараша- 21 желтоқсан)

Мергендер өмір салтын, әдеттерін сақтауға тырысады. Сенің кішкентай әлеміңе жақындарың ортақ қуаныш әкеледі. Сонымен қатар үнемі қоршаған ортаң үшін жауапкершілікті сезінесің. Жұмысыңда үлкен өзгеріс күтіп тұр. Кәсіби қарым-қатынаста бастама көтеруің мүмкін. Өзіңді қызықтыратын жаңа ынтымақтастық болуы мүмкін. Біртіндеп ескі байланыс шеңберінен кетесің. Достармен қарым-қатынас аз болады. Маңызды құжаттарға қол жеткізу үшін рәсімдеуге тура келеді. Көптеген мергендер жылжымайтын мүлік мәселесімен айналысады. Және бұл ұзаққа созылады. Қатынастарың шиеленіскен туысыңмен ақыры ажырасып тынасың. Бұл тұрғыда қаржылық мәселе маңызды рөл атқарады. Әрдайым табандылық пен болжамдылыққа ұмтыласың, бірақ тағдыр сізге күрделі мәселелерді шешудің жаңа жолын ұсынады. Денсаулықа мұқият бол. Әл-ауқатың туралы да ойлануға тура келеді.

Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)

Тауешкілер бұрын болған оқиғаның қайталанғанын көреді. Өткендегі ынтыққан дүниең қайта оралып келгендей күй кешесің. Дегенмен тәжірибең мен дұрыс тұжырым жасай білу қабілетің қателікке ұрынудан сақтап қалады. Кәсіби тұрғыда тәуелсіз боласың. Араласатын ортаң өте оңтайлы, жоспарыңды іске асыруға да қолайлы. Қызметің өсуі мүмкін, іскерлік позицияң да жақсарады. Туыстарыңмен қарым-қатынаста өткендегі түсінбеушіліктердің кесірінен шиеленіс туады. Татуластық орнамайды. Бірақ сабырлық танытып, бастама көтерсең, жағдай түзеледі. Ішкі дүниеңде өмірден күткен барлық қажетті өзгерістер бар. Ойың өзгереді көп нәрсеге. Идеяларың көздеген мүддеңмен ұштасады. Тіпті ұнататын, ұнатпайтын дүниелерің де өзгереді. Бұның бәрі іс жүзінде іске асады. Сыртқы келбетің де өзгереді. Жаңа идеалдар іздеуге бейімденесің. Сенің сындарлы көзқарасың қаражат жағын қалыс қалдырмайды. Жылжымайтын мүлікке қатысты табысты мәмілелер жасайсың. Ал алыс сапарлар танымдық бағытта болмақ.

Суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан)

Суқұйғыштар өмірге жиі шағымдана беретінін енді түсінеді. Не болып жатқанына наразы бола отырып, оптимист достарыңнан қолдау іздейсің. Бірақ  сонымен бірге тағдырыңа ризасың, тек кейбір дүниелер көңіліңнен шықпайды. Көздеген мақсатыңа биыл бір табан жақын жылжисың. Нәтижелері – жақсы. Биыл жылжымайтын мүлік мәселесі сәтті аяқталады. Маңызды ұзақ мерзімді құжаттар алынады. Егер жұмысың саяхатпен байланысты болса, онда іскер серіктесің бірнеше пайдалы ұсыныс жасайды. Тұрмыс жағдайын жақсарту мәселесі қайтадан талқыланады. Біліктілігіңді көтеру  мүмкіндігі болады. Байқауларға қатысасың, оның нәтижесі тәуелсіздікке және белгілі бір құрылымды басқаруға мүмкіндік береді. Спорттық іс-шараға қатысып, шетел мәдениеті мен тіл үйренуге қызығушылық пайда болады. Жеке өміріңде жүрегіңді ашуға асықпа. Ол әлі бос.

Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)

Балықтардың бар әрекеті өзіне деген үлкен сеніммен жүзеге асады. Сені жолыңнан тайдыру қиын. Биыл жаңа біліммен сусындап, тәжірибе жинақтап, маңызды ақпарат аласың. Бар нәрсені бағалайтын боласың. Жұмысыңа бірнеше мақсат қойып, соған жетуге ұмтыласың. Шын мәнінде, сенің артыңда лайықты болып көрінетін адам аз. Көбінесе жақын адамдарға қолдау көрсетіп, олардың өміріне араласуға тырысасың. Өзіңмен мүдделес, пікірлес адамдардың арасында бақытты боласың. Әрбір жағдайда, әр ортада өз адамың болады. Туыстарыңның арасынан біреу ерекшеленіп, мақтаныш тудырады. Әлеуметтік мәртебең өзгереді. Жастар – балалы, ересектер – немерелі болады. Отбасының қажеттіліктеріне байланысты шығындар көп-ақ. Жылжымайтын мүлік мәселесі көтеріледі. Саяхат үнемі қысқа мерзімде. Биыл жаман әдеттеріңнен құтылудың уақыты туды. Тартымдылығың артады. Қаржы мәселесі жасы үлкен туысыңның арқасында шешімін табады.

Дереккөз: КТК

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер