Қайрат Нұртастың әйелі енесінің сынағынан қалай өткенін айтып берді
04.01.2018, 10:18

Қайрат Нұртастың әйелі енесінің сынағынан қалай өткенін айтып берді

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың 10 жыл бойы халықтан жасырып келген жұбайы Жұлдыз бүгінде еліміздегі танымал адамдардың біріне айналды. Күйеуімен бірге киноға түсіп, ән айта бастаған Жұлдыз Әбдукәрімова желіде келіндер "институтынан" қалай өткенін жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

- Менің енемнің, келін тәрбиелеуінде өзіндік стильі мен ұстанымы бар. Өзім ата-ене қолында 5-6 жыл тұрдым, пістім десем болады. Орамал тағып, сәлемімді салып, таңертең ерте тұрдым (есік алдын сыпырдым демеймін), бірақ ыстық нанымды күнде таңда пісіретінмін. Ұрпақ әкеліп, ана атандым. Жалпы,қандай жағдай болмасын,ата-енемнің айтқанын жерге тастамауға тырысатынмын, одан жаман болған емеспін қайта қателіктерімді түзедім. Ұзын- сөздің қысқасы... Ене институтын терлеп- тепшігіп, үздікке бітірдім, - деп жазды Жұлдыз.

Қайрат Нұртастың әйелі енесінің анасындай болып кеткенін айтып, оның тәрбиелеу стиліне ерекше мән берген.

- Содан соң, бізді жеке отбасы болуымызға сенімді болғандықтан болар, ата- анамыз еншімізді бөліп берді. Оның өзі біз үшін үлкен жауапкершілікке айналды. Бірақ әлі күнге дейін бір шаңырақтың астында тұратын сияқтымыз. Көбіне дастарxан басында бірігіп тұрамыз. Қазіргі таңда енем емес - анамдай болып кеткен. Мен өзіме енемнің ерекше қасиеттерін (болашақ енеге)түртіп алдым: ең бастысы қатаңдықпен емес даналықпен тәрбиелеуі; кінәләйтін емес үйретуі; өзгенің көзінше бағалау; ұлын емес келінін қорғаштау; басқаның келінімен салыстырып, кемістпеуі; үйдегі әңгімені сыртқа шығармауы; әлі де үйреніп, түйетінім көп... Ене мен келін татулығына- әулеттік эстафетаны бір- біріне дұрыс ұсынуы, отбасы құндылығын сақтап қалуға көп септігін тигізеді деген ойдамын, - деп жазды Гүлзира Айдарбекованың келіні.

Сонымен қатар, Жұлдыз дәстүрлі қазақ жанұясындағы ене мен келіннің ара-қатынасына тоқталып өткен.

- Негізінде, тариxқа жүгінсек, қазақтың дәстүрлі отбасында ене мен келін арасындағы қарым-қатынаста ешқандай қиындық болған емес деп ойлаймын. Себебі, екі арадағы келіспеушілктер жайлы шешендік сөз кездеспейді. Қазіргі қоғамда енені сыйламау, мысқылдау идеясы (анекдоттар) - орыстың салтынан, европаның стилінен еніп жатыр. Меніңше сол елдердердің - безбүйрек, ұятсыз, арсыз псиxологиясы. Бұл біздің менталитетке мүлдем кірмейді және кіргізбеу керек! Себебі, парасатты, қаны қазақ ер азаматы анасына ең үлкен құрметтің көрсетілгенін қалайды.

П.с. Келіндердің енесіне жасаған әр- бір әрекеті - өзінің енелік өмірінің кірпіші. Егер де, жақсы келінге қол жеткізгісі келген әйел өз енесіне қолынан келген құрметті аямау керектігін түсіну қажет. Әр-бір келін енеге қарап ой түзеп, бойын түзейді деген пікіріме келісесіз бе?, - дейді Жұлдыз Әбдукәрімова. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер