ісшара

Показать содержимое по тегу: ісшара

Елорданың мәдениет мекемелерінде қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақыттарын көңілді, мағыналы өткізу үшін жаңа жыл алдындағы бағдарлама әзірленуде. Осы аптада театрлар, мұражайлар, шығармашылық ұжымдар қойылымдар, шоулар, көрмелер, концерттер дайындап отыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

23 желтоқсанда Мемлекеттік академиялық филармония «Астана» концерт залының сахнасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған Халық әні бөлімінің концертін өткізеді. Оған «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі де қатысады.

«Жастар» театры жас көрермендерді 22-29 желтоқсан аралығында күн сайын өткізілетін жаңа жылдық ертеңгілік пен Г.Х. Андерсеннің «Кішкентай су перісі» ертегісіне шақырады. 26 желтоқсанда сағат 19:00-де «Күйеу бала» драмасының премьералық спектаклі ұсынылады.

Елордалық қуыршақ театры өз қонақтарына «Жаңа жылдық ғажайыптар» атты қуыршақтар шоуын дайындап отыр. Оған 18 желтоқсаннан 30 желтоқсанға дейін баруға болады. Күніне бірнеше қойылым ұйымдастырылады.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры 22 желтоқсанда сағат 19:00-де Н.Гогольдің «Гоголь.Петербург» желісі бойынша сахналанған қойылымын, ал 23-25 желтоқсанда аталмыш театр Гогольдің «Женитьба» комедиясын ұсынады. 25 желтоқсанда сағат 11:00-де М.Бартеневтің «Снегурушка» ертегісін көруге болады. Ертесінде көрермен қауым Р.Баэраның «Смешанные чувства», ал 30 желтоқсанда Р.Томның «Восемь любящих женщин» қойылымдарына шақырады.

28 желтоқсанда сағат 15:00-де «Наз» мемлекеттік би театрында «Мың бір түн» хореографиялық қойылымы өтеді.

21 желтоқсанда жұртшылықты Музыкалық жас көрермен театры Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Махаббат-Жүрек» музыкалық-поэтикалық спектаклін тамашалауға шақырады. 23, 28, 30 желтоқсанда аталмыш театр «Күлшеқыз» музыкалық ертегісін көрсетеді.

28 және 29 желтоқсанда Nomad City Hall сахнасында «Сараң» спектаклінің премьерасы өтеді.

23 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін күн сайын Астаналық циркте «Круэлла және жаңа жылдық эликсир» атты жаңа жылдық цирк қойылымын көруге болады.

27-30 желтоқсан аралығында елорданың орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізеді, оның аясында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетеді.

20-31 желтоқсан аралығында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің беттерінде әлеуметтік желілерде жазушы және публицист Иманжан Мұқанов, ақын және журналист Есет Әукебаев туралы танымдық және тарихи материалдар, Ақмола облысының киелі орындары, әлемдегі алғашқы және ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы дәріс, сондай-ақ жаңа жылдық мерекелік құттықтаулар жарияланады.

Осы аптада Сәкен Сейфуллин музейі өз аккаунттарында «Музей қорынан» айдарынан зерттеу, «Тар жол, тайғақ кешу» романынан үзінді орналастырады, дәстүрлі бейнеэкскурсия өткізеді.

Іс-шаралардың бәрі санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.

Опубликовано в Әлеумет

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер