Показать содержимое по тегу: ЭКСПО 2017 ок
Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің жабылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды akorda.kz ресми порталына сілтеме жасай отырып silteme.kz.
«EXPO әсерінен» жігерленген Астана билігі туризм саласындағы көрменің жетістіктерін баянды етудің амалын ойластыруда, деп хабарлайды ЭКСПО-2017 медиа орталығына сілтеме жасай отырып silteme.kz.
Бүкіләлемдік Туризм күні қарсаңында «Астана ЭКСПО 2017» ҰК» АҚ жетекшісі отандық туристтік бизенстің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ЭКСПО-2017 медиа орталығына сілтеме жасап silteme.kz.
Халықаралық көрменің өткізілуі Қазақстан экономикасына шетелдік тікелей инвестицияларды тарту бойынша жұмысты белсендіре түсуге мүмкіндік берді. Kazakh Invest ұлттық компаниясының басшысы Біржан Қанешев Астана ЭКСПО-2017 жетекшілігінің мемлекеттік институттарға инвестиция тартуға көмектескені жайлы журналисттерге әңгімеледі, деп хабарлайды ЭКСПО-2017 медиа орталығына сілтеме жасай отырып silteme.kz.
Қазақстандықтардың шетелдегі демалыстарына жыл сайын 2 млрд долларға жуық қаржы жұмсайтыны мәлім. Яғни ішкі туризм саласы осыншама қаржыдан құр қалып отыр. Кезінде Инвестициялар және даму министрлігінің департамент директоры Тимур Дүйсенғалиев айтқандай-ақ, ел тұрғындарын ішкі туризмді таңдайтындай жағдай жасайтын кез келді. Әрине, бұл үшін ең алдымен, қызмет сапасын арттыру, ішкі туристік-демалыстық орындарға апаратын транспорт мәселесін шешу қажет. Бұл тақырып 2015 жылдан бері айтылып келе жатса да, қазіргі таңда бірқатар шаралар қолға алынуда. Айталық, бүгін «Астана - Үшарал» жаңа әуерейсі ашылды. Бұл шын мәнінде де сүйінші сұрарлық оқиға. ЭКСПО-2017 шарасы аясында шетелдіктердің елімізді тани түсетіні, тіптен, демалыстық маршруттың бірі ретінде ойға алатынын ескерсек, Алакөл курорттық аумағының көліктік қолжетімділігін арттыру мақсатында Үшарал әуеайлағынан азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуларына дайындау бойынша жұмыстар аяқталуы өте маңызды жаңалық.