EXPO 2017 еліміздің туризм саласын жаңа деңгейге көтерді
27.09.2017, 21:59

EXPO 2017 еліміздің туризм саласын жаңа деңгейге көтерді

Бүкіләлемдік Туризм күні қарсаңында «Астана ЭКСПО 2017» ҰК» АҚ жетекшісі отандық туристтік бизенстің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ЭКСПО-2017 медиа орталығына сілтеме жасап silteme.kz.

Компания басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметовтың айтуынша, Астана ресейлік саяхатшылардың таңдауы бойынша ТМД-ның ең танымал қаласына айналып, көрмеге ең көп келген еуропалық елдердің ішінен Германия азаматтары болса, азиялық өңірде Қытай саяхатшылары болып шықты.

EXPO 2017 өткізілген үш айдың ішінде астанаға 5,4 млн. адам келген. Көрмені 3,977 млн. адам тамашалаған. Ә.Пірметовтың сөзінше, «Осындай нәтижеге Қазақстан отандық туристік кәсіпкерліктің белсенді атсалысуы арқасында қолжеткізді».

Көрме барысында отандық туризм ары қарай даму үшін ғаламат импульске ие болды. EXPO 2017 өткізілу кезеңінде туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 78% (2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда) өсті. Осы уақыт аралығында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы турпакет құрамындағы 187,5 мың билетті сату бойынша туристтік компаниялармен 13 келісім-шарт жасасты.

Қазақстандық туристік қауымдастығының директоры Рашида Шәйкенова атап көрсеткендей, EXPO 2017 «елдің бүкіл туристік кәсіпкерлігі үшін жақсы мектеп болды». Сондай-ақ кәсіпкердің айтуынша, шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында визасыз 72 сағатқа дейінгі транзиттік мекендеуі туралы Үкіметтің қаулысы арқасында туристер ағыны ұлғайды. Енді Қазақстандық туристік қауымдастық қаулының мерзімін ұзарту мен елдердің тізімін кеңейту мәселесін көтеруді көздеп отыр.

«Қазақстанның туроператорлары атынан елдің Президенті мен ұлттық компанияның жетекшілігіне сенім білдіргендері мен баянды ынтымақтастық үшін алғыс білдіргім келеді. ЭКСПО-2017 бүкіл туристтік сала дамуының нағыз қозғаушы күшіне айналғаны сөзсіз. Жақын арада біз мемлекеттік органдармен бірлесіп шетелдік азаматтардың 72 сағатқа дейінгі транзиттік мекендеуі туралы Үкіметтің қаулысын ұзартуды талқылаймыз. Бізге азиялық өңір, соның ішінде Қытай қызығушылық турыруда. Бүгінде Иранмен екіжақты келісім жасалып, үнді туризмінің мүмкіндіктері де зор. Бізден қашық орналасқан елдер, яғни азиялық нарықта қазіргі таңда халықаралық саяхатшылық нарық бойынша туристтердің көптеп келу көрсеткішін байқай аламыз», - деді Р. Шәйкенова.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Юлия Якупбаева бүкілтуристік бизнес қоғамдастығы атынан «Астана ЭКСПО 2017» ҰК» АҚ басшылығына зор алғысын білдірді.

«EXPO 2017 еліміз үшін маңызды шараларды өткізудің керемет мысалы. EXPO алаңы саяхатшылардың, әсіресе, жастардың сүйікті орнына айналды. Сондай-ақ инвестициялық байланыстарға қозғау салды. Осы әлеуеттің ары қарай өсетініне үміт артамыз», - деді Ю.Якупбаева.

Турбизнес өкілдерімен өткен кездесуде Әлішер Пірметов көрме алаңының болашағын талқылады. Кәсіпкерлерге берген мәліметі бойынша, Елбасы бекіткен тұжырымдама негізінде EXPO 2017 аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT-парк, Жасыл технологиялар орталығы, «Нұр-Әлем» музейі және тақырыптық павильондар жұмыс істейді. Сонымен қатар білім беру орталығы (Назарбаев Университетімен бірлескен) мен қазақстандық кәсіпкерлігі жетістіктерінің көрмесі («Атамекен» ҰКП бірлескен) жобаларын құру қарастырылып жатыр. Салтанатты кездесудің соңында туроператорларға алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табысталды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер