EXPO 2017 инвестициялау үдерісіне қозғау берді
11.10.2017, 20:46

EXPO 2017 инвестициялау үдерісіне қозғау берді

Халықаралық көрменің өткізілуі Қазақстан экономикасына шетелдік тікелей инвестицияларды тарту бойынша жұмысты белсендіре түсуге мүмкіндік берді. Kazakh Invest ұлттық компаниясының басшысы Біржан Қанешев Астана ЭКСПО-2017 жетекшілігінің мемлекеттік институттарға инвестиция тартуға көмектескені жайлы журналисттерге әңгімеледі, деп хабарлайды ЭКСПО-2017 медиа орталығына сілтеме жасай отырып silteme.kz.

«Астанада өткен «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің өткізілуі Kazakh Invest үшін инвесторларды тарту бойынша бірегей мүмкіндігіне айналды» - деді ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында компания басшысы.

Көрме ұйымдастырушысы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жасалған келісім бойынша EXPO 2017 аумағында арнайы павильон орнатылып, оның алаңында ҚР Инвестиция және даму министрлігі мен Астана әкімдігінің қазіргі және әлеуетті инвесторлармен кездесулері ұдайы өткізіліп отырды. Сондай-ақ осында «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Astana Innovations» компаниясы, «Назарбаев Университет» және т.б. қонақтарды қарсы алған болатын.

Көрме барысында Kazakh Invest компаниясының қызметкерлері 140 алуан түрлі шараны өткізді. Ел экономикасының әртүрлі секторларына инвестиция құю сауалдары отыздан астам делегация АҚШ, БАӘ, ҚХР, Швейцария, Австрия, Польша, Чехия, Германия, Италия, Испания, Франция, Малайзия, Түркия, Тайланд, Жапонии, Оңтүстік Корея, Ресей өкілдерімен талқыланды. Айта кетерлігі, EXPO 2017 Kazakh Invest қызметкерлерінің өздеріне әрекет жасауға мүмкіндік берді. Олар байланыс орнату мақсатында жүзден астам шетелдік әлеуетті инвестор-елдерінің павильондарына барды.

Белсенді жұмыс нәтижесінде 20 астам келісім жасалды. Соның ішінде Қазақстандық-германдық іскерлік кеңес барысында Kazakh Invest және компрессорлық жабдықтарды шығаратын еуропалық ірі өндіруші - Linde Group концерні арасында ынтымақтастық туралы шектелмелі келісімге қол қойылды.

Айта кетсек, Linde Group Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан тәжірибесі бар. 2012 жылы концерн және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бірлесіп, бұрынғы Қармет кәсіпорнының ауа бөлгіш блогын салған. Бүгінде оттегі, азот және аргон шығаруға арналған кешен шойын, болат және металпрокат өндірісінде белсенді қолданылып жатыр. Ескере кетсек, Linde Group осы жобаға 125 млн доллар инвестиция құйып, отандық компания - құрылыс бойынша бас мердігер - «Имсталькон» ЖШС жұмыспен қамтамасыз етті.

Жобаны жүзеге асырудың арқасында техникалық газдың құны төмендеп, экологиялық тәуекелдер азайып, жабдықтардың жұмыс барысында істемей қалу жағдайлары минимумге дейін жеткізіліп, жалпы АрселорМиттал Теміртау металлургиялық айналымы жұмысының сенімділігі арта түсті.

EXPO 2017 көрмесінде жобасын таныстырған Linde Group ауа бөлгіш қондырғынысының екінші блогы мен сутекті өндіретін зауыт құрылысына 150 млн. доллар инвестиция салуға ниетті екендігін жеткізді. Kazakh Invest жетекшілігі концерн өкілдерін инвестициялық бастамаларын қолдап, қажетті көмектің бәрін көрсетуге әзірлігін білдірді.

Қарастырылып отырған жобалардың арасында EXPO 2017 көрмесінде ұсынылған италиялық Bionet SrL компаниясының тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауытының құрылысы бойынша идеясы да бар. Kazakh Invest бұл компаниямен ниет туралы хаттамаға қол қойған.

Kazakh Invest инвестициялық қоржынының тағы бір озық жобасы талдамалық және зерттеу лабораториялары, сонымен қатар Қазақстанның фармацевтикалық фабрикаларына жабдықтар жеткізу болмақ. Бұл келісім қазақстандық-польшалық бизнес-форумы барысында Polpharma компаниясымен жасалды. Polpharma дәрі-дәрмектер мен белсенді фармацевтикалық заттектердің польшалық ірі өндірушісі. Компания 1935 жылы қаланып, қазіргі таңда Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері нарықтарының көшбасшысы саналады.

Сонымен қатар «Экспо-2017» аясында Kazakh Invest және Engave Kazakhstan компаниялары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Осы құжатқа сай, Kazakh Invest Engave Kazakhstan компаниясына «Астананың қоғамдық көлік жолаушыларына ақпарат таратудың мультимедиалық жүйесі» инвестициялық жобасын іске асыру мәселелері бойынша қолдау көрсетіп, бастамаларына жәрдемдеседі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер