ФОТО: Қазақстанда тұңғыш рет Құран Кәрім басылып шықты
18.05.2018, 16:09

ФОТО: Қазақстанда тұңғыш рет Құран Кәрім басылып шықты

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында елімізде алғаш рет Құран кітабы басылып шықты. 

Бұл Құран кәрім Мәдина басылымына негізделе отырып дайындалған. Оқуға қолайлы болуы үшін, әсіресе, Құран оқуды жаңа бастағандарға жеңіл болуы үшін қарапайым шрифт таңдалған. Бұл басылымның басты ерекшелігі сол – аяттардың арабша мәтіні мен қазақша аудармасын тыңдауға мүмкіндік беретін QR-код қызметі қолданылған. Нақтырақ айтқанда, смартфонға немесе планшетке Play Market-тен немесе Apple Store-дан кез келген QR-код reader программасын жүктеп алып, өзіңіз қалаған беттегі аяттың арабша-қазақша мәтінін тыңдауыңызға болады. Сол арқылы тілге қиын соғатын тұстарының қалай дұрыс оқылатынын үйреніп, тәжуидіңізді пысықтап аласыз.

Сондай-ақ, аяттардың қазақша аудармасын тыңдау арқылы, Құранды түсініп оқуға мүмкіндік табасыз. «Құран кәрімнен бір әріп оқығанға да сауап бар. Әрбір сауап он есе болып жазылады» деген Пайғамбар (с.ғ.с.) сүйіншісін ескере отырып, әрдайым Құранмен бірге мол сауапқа кенеліңіз.

Дереккөз: ktk.kz 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер