Дін тақырыбында журналистерге байқау жарияланды
04.04.2018, 22:38

Дін тақырыбында журналистерге байқау жарияланды

Бүгінгі таңда жер жаһанды қатты алаңдатқан экстремизм және терроризммен, жат пиғылды радикализммен кейінгі жылдары еліміз де бетпе-бет келе бастады. Оның басты себебі – кейбір қоғам мүшелерінің қолжетімді ақпараттарды сараптай білмеуінде жатқаны анық. Өйткені, діни және құқықтық тұрғыдан сауаттылығы жетіспеген адамның кез келген діни бастамаға салыстырмалы күйде қарауға мүмкіншілігі жетпейді. Осының салдарынан теріс ағымның жетегінде кеткенін білмейтін, өз ұлттық табиғатына қарсы шыққанын сезінбейтін, жалпымемлекеттік қағидаттарға қайшы келетінін ұғынбайтын бедеу ойлы, жалпыадамзаттық игіліктерді мойындамайтын алқа-қотан әрі оқшау азаматтар мен топтар пайда болып, қоғамның берекесін қашыра бастағанын байқамайды.

Бұл үшін қоғамдық деңгейде профилактикалық жұмыстар аса қажет. Осы орайда, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының әлеуметтік маңызды жобалары негізінде Ұлттық журналистік зерттеу орталығы дін саласындағы өзекті мәселелер туралы бірнеше номинациялар бойынша журналистер арасында үздік материалдарға байқау жариялайды. Байқауға «Нұр Отан» партиясы қолдау танытып отыр.

Байқау мерзімі 2018 жылдың 1 сәуірі мен 1 қазаны аралығын қамтиды. Жеңімпаздарды марапаттау 18 қазан – ҚР Рухани келісім күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласында өтеді.

Байқау жүлдесінің жалпы қоры – 1 000 000 теңге.

Байқаудың мақсаты:

- Қазақстан Республикасы жұртшылығының назарын дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелеріне аудару.

- Бұқаралық ақпарат құралдары, яғни журналистер арқылы тұрғындарды дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын насихаттау, қоғамдағы конфессияаралық келісімнің нығайтылуы және сақталуына бағытталған маңызды іс-шаралар жөнінде хабардар ету.

- Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша материалдарды жариялайтын БАҚ мен журналистерді қолдау.

Байқау номинациялары:

Діни экстрмемизмнің алдын алуға байланысты байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

- ең үздік әлеуметтік ролик

- ең үздік телевизиялық бағдарлама;

- ең үздік радиобағдарлама;

- интернет ресурстағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала;

- интернет ресурстағы орыс тіліндегі ең үздік мақала;

- мерзімді басылымдардағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала;

- мерзімді басылымдардағы орыс тіліндегі ең үздік мақала;

- әлеуметтік желілердегі ең белсенді қолжетімді топ;

- ең белсенді блогер.

Жеңімпаздарды барлық номинациялар бойынша бағалы сыйлықтармен марапаттау, сонымен қатар 5 (бес) ынталандыру сыйлығы;

Байқау шарттары:

Алматы қаласында тіркелген немесе тілшілер қосыны бар БАҚ-тағы кез келген журналист, сондай-ақ ғалым, көсемсөзгер, қаламгер қатыса алады. БАҚ басшылығының рұқсаты талап етілмейді. Байқау екі тілде өтеді.

Байқауға 2018 жылғы 1 сәуірінен бастап 1 қазан аралығында жарияланған материалдар қабылданады.

Басты қойылатын талап – Қазақстанның зайырлы мемлекеттік құрылымын қарапайым әрі ұғынықты тілмен түсіндіру, мемлекеттік саясаттың заңнамалық талаптарын ұғындыру, дін атын жамылған экстремистік ағымдарды әшкерелеу, дәстүр мен діннің өзара байланысын жеткізу, діни экстремизмнің алдын алу, теріс діни топтардың идеологиясы мен олардың зияндығын ашып көрсету.

Қандайда бір діни ұстанымды немесе дінді насихаттауға бағытталған материалдар қабылданбайды.

Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комитетінің uzhzo2005@mail.ru электронды поштасына (байланыс телефоны: 87775654078) мынадай материалдарды жіберуі тиіс:

1). Автор туралы мағлұмат /туған жері, күні, айы, жылы, телефон/;

2). Байқау материалы жарияланған БАҚ-тың pdf-нұсқасы немесе скриншоты, портал-сайттағы материалдың скриншоты немесе электронды сілтемесі (бар болған жағдайда), теле-радио бағдарламалардың mp4-нұсқасы немесе электронды сілтемесі (бар болған жағдайда);

3). Автор әр номинацияға 1 немесе 2 материал ұсына алады;

4). Бір автор бірнеше номинацияға қатыса алады;

5). Барлық материалда байқаудың қандай номинациясына ұсынылатыны туралы ақпарат болуы міндетті. Номинациясы көрсетілмеген материал байқауға жіберілмейді. 

Байқау кезеңдері:

Байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау (1 қазанға дейін); Материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау (1-10 қазан аралығы); Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау (Рухани келісім күні қарсаңы).

Байқау жеңімпаздарын марапаттау:

Байқауды ұйымдастыру комитеті жүргізіп, жеңімпаздарды 5 немесе 7 адамнан тұратын қазылар алқасы таңдайды. Алқа байқау марапаты басталғанша құпия түрде сақталады. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды. Байқау жеңімпаздары арнайы номинациялар бойынша тағайындалған ақшалай жүлделермен және арнайы дипломдармен марапатталады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер