ҚМДБ бұдан былай "Қазақ мүфтияты" деп аталатын бола ма?
06.03.2018, 20:19

ҚМДБ бұдан былай "Қазақ мүфтияты" деп аталатын бола ма?

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым өзінің фэйсбук парақшасында еліміздегі бірегей діни құрылымның атауына қатысты жақсы жаңалықтың бірімен бөлісті, деп хабарлайды silteme.kz AA.

"Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын тек Қазақ мүфтияты деп қайта атап, тіркеуден өткізу керек деген əңгімені естідік. Құптарлық ұсыныс! Себебі, "Діни басқарма" дегеніміз, кезінде имперлік Ресейдің бұратана халықтарды басқару үшін ойлап тапқан термині мен институты. Кейін мұны сталиндік Ресей айна-қатесіз қайталап, өз мүддесіне пайдаланды. Мұсылмандық шаруасында да отарсыздану үрдісі жүргізілуі тиіс! Сол себепті басқа да ислам елдері сияқты "мүфтият" деп қайта құрылғанымыз абзал! Солай болғай! Қолдайық!" деп атап өткен ол.

Өз кезегінде, желі қолданушылары: "Неге "бас муфти"? Бізде біртұтас (унитарлы) ел ғой, муфти де біреу. Ресей сияқты 30-40 муфтилер жоқ. Сондықтан тек қана "Муфти" дұрыс емес пе? "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы" дегеннің орнына "Қазақстан Мүфтияты" деп атаған дұрыс!" деп ой қосқан. 

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандарына діни-руханияттық басшылық жасайтын республикалық бірлестік.

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге қарағанда, діни басқарма ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфти, ҚМДБ Ақылдастар алқасы, Қамқорлар кеңесі, ҚМДБ-ның төралқасы, Аппарат жетекшісі және Діни істер, Шариғат және пәтуа, Мешіт істері, Халықаралық байланыс, Хаттама, Қажылық, Уағыз-насихат, Ғылым және білім, Жалпы және жастар ісі, Халал өнімдерін стандарттау, Баспасөз және интернет, Әйелдер-қыздар секілді бөлімдер мен секторлардан, сондай-ақ, іс басқармасынан тұрады.

Басқарманың мақсаты мен міндеті: ислам дінін насихаттау, тарату, Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар уағыздарының дұрыс насихатталуын қамтамасыз ету, ислам дінінің, Қазақстан мұсылмандарының бірлігін сақтау, діни ұйымдардағы шариаттың толық әрі дұрыс орындалуын қамтамасыз ету, облыстардағы өкіл имамдар арқылы республика мұсылман жамағатының діни мәселелерін шешу, республикада ислам дінін оқытып-үйрететін мамандар даярлау, сондай-ақ, шет елдік діни ұйымдармен, бірлестіктермен, оқу орындарымен қарым-қатынас орнату, діни әдебиеттер, оқулықтар, т.б. қажетті басылымдарды әзірлеу. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер