Ерте замандағы әлем елдерінде әйелдерге деген көзқарас қандай еді?
05.01.2018, 14:02

Ерте замандағы әлем елдерінде әйелдерге деген көзқарас қандай еді?

Ерте замандағы әлем елдерінде әйелдерге деген көзқарас қандай еді? Фото: Lenta.ru

Ерте заманда әйелдердің бүкіл әлем бойынша қоғамдағы орыны қандай болды? 

Әлемде тұңғыш рет әйелдің мәртебесін көтеріп, оны қадірлеуге шақырған адам – Мұхаммед (с.ғ.с.). Одан бұрын әлемде әйелге деген көзқарас қандай еді?

Мысалы: Ежелгі Грецияда: «Әйелден асқан қатер жоқ! (Гомер)» «Әйелге деген махаббат – нағыз у (Сократ)» « … әйел табиғи құбыжықтандырылған еркек (Аристотель)»  «Үш қатер – от, теңіз және әйел (Эзоп)». Бұл сөздерден Ежелгі гректердің әйелдерге деген көзқарасын білуге болады. Грецияда ең сұлу әйелді бірнеше ірі қараға айырбастап алуға болатын. Махаббат бір аурудың түрі ретінде қарастырылған.

Ежелгі Үндістанда: Қыздарды сәби кезінен өздерінің діни храмдарының жезөкшесі ретінде дайындайтын. Ең ауқатты отбасылардың өзі еш шімірікпестен қыздарын осыған дайындайтын. Халық таптарға бөлініп, ең нашар жаратылыс әйел деп есептелетін. Оларға діни мейрамдарға қатысуға, өздерінше қасиетті санаған кітаптарды оқуға тыйым салынатын еді. Өлген күйеуімен бірге отқа жағылатын әйел, ең жақсы әйел деп бағаланатын. Бұл рәсім – сати рәсімі, осы күнге дейін жалғасын табуда.

Фиджи аралында: Жүгіру жарысында ұстап алынған әйел сол еркектің меншігіне өтетін болған.

Нассауда:  Жесір әйел бүкіл ауылдың меншігі есептелетін. Жесірлерді әдейі тамақтандырып, кейін оны ортақ мүлік ретінде жеп қояатын жағдайлар да жиі болатын.

Ежелгі Қытайда: Үйге келін түсісімен, үйде қатарынан үш күн қайғылы есептеліп, әйелді психологиялық тұрғыдан төмендетіп тастайтын.

Көне Мысырда: Күйеуі, әйелі ұнамаса бірден отқа жағып жіберсе де ерігі болатын.

Ассирияда (Иран):  Отқа табынатындар (мәжуси) заманында әйел өте нашар жағдайда еді. Өте жақын туысымен үйлене беретін. Әйелі үйінен бір зат алып шықса, ұрлықшы есептелетін әрі күйеуі оның құлағын шауып тастайтын.

Русьта:  (Солтүстік славян мемлекеті) неке деген атымен жоқ еді.

Конгода:  Жүкті әйелге жиіркенішпен қарайтын.

Иудаизмдегі әйелдің орныТалмуд – еврейдің діни-кодексі. Соның үкімі бойынша егер әйелі үйдегі бір ыдысты сындырса немесе күйеуі одан сұлу әйел кездестірсе, күйеуіне әйелімен ажырасуға рұқсат берілген. Әйелдің ажырасуға ешбір құқығы жоқ. Әйел еркектің жекеменшігі. Дұғаларында еркектер әйел болып жаратылмағанына шүкір етсе, әйелдер күйеулеріне қызмет еткені үшін шүкір ету керек.

Христиан дініндегі әйелдің орны:  Христиандар әйелді: Адам атаны (ғ.с) азғырды деп, солардың кесірінен пейіштен қуылдық деп жазғырады. Соның әсерінен бүкіл Еуропа һәм христиандар әйелдерге жаман қарым-қатынаста еді. Әйел затын кем көретін. Әйелдің ақысы бар ма? Әйел адам ба? Хайуандар сияқты жауапкершілігі жоқ па? Тіпті әйелдің рухы бар ма, жоқ па?-деген тартыстар жүретін.

Исламнан бұрынғы арабтарда: Құмар, зинақорлық, әлсіздерге зұлымдық жасау тәрізділер кең тараған. Намыстанып өз қыз балаларын тірідей көметін. Хз.Омар (р.а) бұл жайында: «Алланың атымен ант етейін, біз жәһилия кезеңінде былайша айтқанда Алланың діні келгенге дейін, әйелдерді адам деп санамайтын едік» – дейді. Ислам діні келген соң уахи арқылы әйелдің орны мен құқықтары белгіленді. Әйелдің қоғамдағы орны мен құқықтарына ең көп құрметпен қараған Пайғамбарымыз: деп таразының басын теңестірді. Өнегелері сөздерімен әйелдерге деген көзқарасты түбегейлі өзгертті.

Дереккөз: hibatulla.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер