Біз мұсылмандар, исламофобияға қарсымыз - Н.Ермекбаев
12.12.2017, 19:51

Біз мұсылмандар, исламофобияға қарсымыз - Н.Ермекбаев

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев осы күндері Абу-Дабиде өтіп жатқан мұсылман қоғамында бейбітшілікті нығайту бойынша «Әлемдік бейбітшілік және Исламофобия» тақырыбындағы IV халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды silteme.kz.

Форумның мақсаты – исламофобияның мазмұны мен себептерін және дін саласында болып жатқан процесстерді ой елегінен өткізу, Ислам дінінің бұрмалануын болдырмау, сондай-ақ толеранттылық, бейбітшілік пен әділеттілік мәдениетін насихаттау болып саналады.

 «Біз мұсылмандар, исламофобияға қарсымыз, бірақ біз бұл үшін жауапкершіліктің бір бөлігі өзімізде  жатқандығын мойындауымыз керек. Бұл жерде діни фанатиктер мен провакаторларға жоғары рухани құндылықтарды тәрбиелеудің орнына, өздерінің радикалды көзқарастары мен тәсілдерін таратуға мүмкіндік беріп қойғандығымыз туралы айтып отырмын», - деді Н. Ермекбаев форум аясында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, министр Қазақстанның мәдениеттер мен діндерді жақындастыру  және халықтардың тұрақтылығы мен өзара түсіністігін  қамтамасыз ету мақсатында Шығыс пен Батыс арасындағы диалогты дамытудағы Қазақстан басшысының бастамалары туралы айтты.

 «Қазақстан Президентінің жаһандық бастамалары қатарында 2003 жылдан бері біздің елордамыз – Астана қаласында  үш жылда бір рет өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу ерекше орын алады. Бұл халықаралық форумның мақсаты - жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерінің бірі ретінде мәдениеттер мен өркениеттер диалогын дамыту.  Осы жылдар ішінде қазақ жерінде дәстүрлі діндердің  5 рет сьезі  өткізілді, және оның аясында  аса маңызды құжаттар қабылданды», - деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.

Айта кетейік, форум жұмысына бүкіл әлемнің 500-ден астам беделді діни қайраткерлері, танымал теологтар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері қатысуда. Форум делегаттарын Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян қабылдады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер