Еуропада 2050 жылы мұсылмандар саны қанша болады?
03.12.2017, 22:10

Еуропада 2050 жылы мұсылмандар саны қанша болады?

Pew Research Center америкалық сараптама орталығы еуропалық елдерде 2050 жылы мұсылман халқының көлемі қанша болатыны туралы баяндама жасады, деп хабарлайды kazislam.kz порталына сілтеме жасаған silteme.kz.

Сарапшылар өз болжамдарын мына үш негізге сүйеніп жасаған: «нөлдік иммиграция», Еуропа елдеріндегі заңды иммиграция және 2014-2016 жылдары қатты байқалған көп көлемдегі заңсыз босқындар легі сақталған жағдай. Үшінші жағдайда Еуропа территориясында 2050 жылы мұсылмандар еуропалық халықтың 14%-ын құрайды, бұл қазіргі көрсеткіштен үш есе жоғары.

Сонымен қатар, сарапшылар қазіргі кезде Еуропа елдерінде тұратын мұсылмандардың 53%-ы 2010-2016 жылдар аралығында көшіп келгенін атап көрсетті.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер