Ресейде қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
24.02.2017, 16:53

Ресейде қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

Ресейліктер қазақстандық жауынгердің сүйегін тапты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Курск облысына қарасты Поныри ауданында жүргізілген іздестіру жұмыстары кезінде белгісіз сарбаздың сүйегі табылған.

Бұл туралы «Застава св. Ильи Муромца» әскери-патриоттық қайырымдылық қорының басшысы біздің елге жолдаған хатында жазған.

Ресейліктер қазақстандық жауынгердің сүйегін тапты

Андрей Фетисовтың мәлімдеуінше, жауынгердің қалтасында құран мен кішкене сауыт (медальон) табылған. Онда анасы Пулумгуз Ахмамбекова екені және оның Сайрам ауданы Молотов колхозында тұратыны көрсетіліпті. Ал жауынгердің сүйегі табылған аумақта НКВД -ның 140-шы Сібір атқыштар дивизиясы соғысқаны белгілі болды. Іздестіру тобы зерттей келе, жауынгердің ОҚО, Сайрам ауданы Манкент стансасынан майданға 1942 жылы 17 наурызда аттанғанын анықтаған. Мекенжайы Манкент стансасы Қарабұлақ пошта бөлімшесі Молотов колхозы екені нақтыланды.

Ресейліктер қазір қалтасында құран табылған жауынгердің туған туыстарын іздестіруде. Сондай-ақ жат елде қаза тапқан жауынгерді осы жылдың 7 мамыр күні РФ, Курск облысы Поныри ауданында құранмен қоса, қайта жерлеу жоспарланып отырғанын ескертеді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер