Показать содержимое по тегу: Құтты билік
Елбасымыз жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи мұраларымызды ұлттық көзқараста зерделеуге соны қадамдар жасалуда. Осы бағыттағы қандай зерттеу жұмысы болса да, барлығы еліміздің тұғырын бекітіп, мемлекеттігін нығайтып, мәңгілік ел болуымызға қызмет ету керек. Иә, осы тұста мынадай заңды сұрақтар туады: рухани мұраларымызды насихаттау арқылы мемлекетіміздің тұрақтылығын қалай сақтаймыз? Ұлттық кодымызды жаңғыртып, халқымыздың санасын қалай жаңғырта аламыз? Ең маңыздысы, мәңгілік ел болу үшін не істеуіміз керек?