Показать содержимое по тегу: Айдос Сарым
Биылғы жылдың басты ерекшелігінің бірі – еліміздегі Жеңіс күні айрықша бір белсенділікпен аталып өтті. Кремльдің үстемшіл, импершіл саясатына мүлдем төтеп бере алмайтын сияқтымыз деген билік барша үдерістерді өзі басқарып, оларға асқан көпшілік сипат беріп, сасқан үйректің кебін кигендей болды. Себебі дәл кешегідей Қазақстанда Кеңес Одағының туларын ұстап көшеге шыққан емес. Елімізде КСРО-ны аңсаушылар, Кремльдің жымысқы саясатын жүргізушілердің көптеп жүргенін айқын байқадық. Сонда «ел бірлігі», «тәуелсіз мемлекетіміз» дегеніміз қайда қалды? Енді бір-екі рет 9 Мамырды кешегідей тойласақ, егемендігімізден айырылу қаупі анық көрініп тұрғандай. Ресей білгенін жасап, ел азаматтарын өз мемлекетіне айдап салатын жағдайға жеттік. Енді не істемек керек?
Белгілі саясаттанушы, қоғам қайраткері Айдос Сарым фэйсбук парақшасында Шымкент пен Түркістан қалаларының мәртебесін өзгерту турасында өз ойын білдірді, деп хабарлайды silteme.kz AA.
Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым өзінің фэйсбук парақшасында еліміздегі бірегей діни құрылымның атауына қатысты жақсы жаңалықтың бірімен бөлісті, деп хабарлайды silteme.kz AA.
Енді биліктің кез-келген ойластырылмаған шешімі халықтың наразылығы мен дүмпулерге әкелуі мүмкін, дейді сарапшы.
Дерек көзі: kaz.365info.kz