Павлодарлық фермерлер беларустарды күлгін түсті картоппен таң қалдырды
02.11.2016, 18:53

Павлодарлық фермерлер беларустарды күлгін түсті картоппен таң қалдырды

Павлодар облысына Белоруссиядан арнайы іс-сапармен келген делегацияға «Пахарь» шаруа қожалығы картоптың жаңа сортын көрсетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Белорус республикасы, Гомельский облыстық атқару комитетінің төрағасы Владимир Дворниктің басқаруымен келген делегация бүгінгі «Ertys Invest 2016» халықаралық инвестициялық форумына қатысады. Облыс әкімі Болат Бақауовтың айтуынша, қонақтарды Павлодар өңірінің өнеркәсіптік кәсіпорындарын көрсету қарастырылған. Сондай-ақ, олар өңірдің ауыл шаруашылығымен танысуға өздері ниет білдірген.

Шетелдік делегацияны «Пахарь» шаруа қожалығы өздерінің сүт тауарлы фирмасының және мал бордақылу алаңының жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, көкөніс сақтау қоймасындағы картоптың жаңа сортын да көрсетті. Мұнда картоптың күлгін түсті жаңа түрі өсіріледі. Қонақтар қызметкерлер үшін салынған агроқалашықта болды. Ресми делегация мүшелері алып шаруашылықтың жұмысымен танысып, алдағы уақытта да тығыз байланыста болуға ниетті екендіктерін білдірді

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер