Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнайы смартфон шығарылды
19.10.2016, 12:50

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнайы смартфон шығарылды

Англияның жоғары класты ұялы телефондар өндіретін Vertu компаниясы Қазақстанға арнайы смартфондар шығарды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Бес данадан тұратын лимиттелген топтама Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арнайы жасалыпты. Жаңа телефонның артқы панеліне Қазақстанның мемлекеттік символдары – күн мен оның астында қалықтаған қыран ойып салынған.  Күннің ортасында «25» саны бейнеленіпті, ал оның астында «Anniversary of Kazakhstan» деген жазу бар. Тіпті тігістеріне де еліміздің туындағы көк және сары түстер қолданылған екен.

First Media Group компаниясының мәліметінше, телефон жоғалған жағдайда бұғаттауға, оны табуға, жеке мәліметтерді өшіруге болады. Смартфон қанша тұратыны әзірге белгісіз. Мысал үшін айтсақ, смартфондар нарығына еніп үлгерген Apple iPhone 7 Plus елімізде 650 000 теңге тұрады. Эксклюзивті Vertu одан бірнеше есе қымбат болатыны сөзсіз.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер