Елімізде авария мен апаттар кезінде шұғыл шақырту жүйесі енгізіледі
14.10.2016, 08:00

Елімізде авария мен апаттар кезінде шұғыл шақырту жүйесі енгізіледі

Авария мен апаттар кезінде шұғыл шақырту қазақстандық жүйесі пилоттық режимдегі тәжірибелік пайдалануға 2017 жылдың басынан беріледі, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қазғарыштың мәліметінше, «ААШШ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі автокөлік құралында орнатылған борт терминалдардан келетін авариялар туралы сигналдарды қабылдап, оларды Қазақстанның барлық облыстарына ортақ бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік («112» БКДҚ») қызметіне жіберетін болады».

Өз кезегінде, ААШШ жүйесінің «112 БКДҚ» арнайы оқытылған операторы электрондық картасынан нақты координаторларын анықтап, жүргізушіден дыбыс байланысы арқылы керекті мәліметтерді сұрап білгеннен соң, алынған ақпаратты жедел пысықтап, оны жедел қызметтерге (жедел жәрдем, ЖПҚ) жібереді.

ААШШ жүйесінің виртуалды ұялы операторының құрылуына дейін борт терминалдардан келетін мәліметтерін жіберу функциясын Қазақстан Республикасы аумағының максималды қамтылуын қамтамасыз ететін қазақстандық ұялы байланыс операторы атқаратынын атап кеткен жөн.

«2017-2019 жылдардағы жұмыстар аппараттық құралдарын сатып алу, ААШШ жүйесінің виртуалды ұялы операторын құру, сондай-ақ «ЭРА-ГЛОНАСС», «ЭРА-РБ» жүйелерімен және жол-көлік оқиғалары туралы төтенше қызметтерді жедел хабарландыруға арналған «eCall» еуропалық кешенді автокөлік жүйесімен үйлесуін қамтиды», — деп айтты Қазғарышта.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер