Шымкент қоқыстан жылу мен электр энергиясын өндіреді
08.10.2016, 15:39

Шымкент қоқыстан жылу мен электр энергиясын өндіреді

Шымкентте қоқысты пайдаға асырмақ, деп хабарлайды 24.kz

Бұл жобаны малайзиялық инвесторлар қаржыландырмақ. Осы ретте жергілікті билікпен екіжақты келісім жасалған. Кәсіпорын қоқыстарды өртеп одан жылу мен бірге электр энергиясын өндіреді. Сол себепті жаңа зауыт қаланы жылумен қамтамасыз етіп отырған «3-ші жылу қазандығының» жанынан бой көтермек

Өндіріс тәулігіне мың тонна қоқыс жағады. Қазір құрылысқа қажетті жер белгіленіп, инфрақұрылым тарту мәселесі қаралып жатыр. Ал, өткен жылы іске қосылған тағы бір қоқыс өңдейтін зауыт қазір тоқтап тұр. Қала басшылығы бұл кәсіпорын таяуда қайта іске қосылатынын айтады.

«Осы екі зауыт толық қуатына көшкенде қоқыс жинайтын полигон жабылатын болады», - дейді мамандар.

Қазіргі уақытта қаладан күн сайын 500 тоннаға жуық қоқыс шығарылады.

- 25 гектар жер бөлу және де инженерлік жүйені электр және жылу жүйелеріне жақын орналастыру мәселесі қойылған болатын. Осы мақсатта біз бүгінгі таңда 3 энергоорталық төңірегінен 25 гектар жерді болжамдап, қазір зерделеу-зерттеу жұмыстарын атқарып жатқанымызды айта кеткім келеді" - дейді қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер