Бүгін қазақтың ғарышқа ұшқанына – 25 жыл
02.10.2016, 13:37

Бүгін қазақтың ғарышқа ұшқанына – 25 жыл

 Бүгін Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілген күн, деп хабарлайды baq.kz.

 Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға берілген болатын. Бұл жайлы ғарышкер ағамыздың өзі, мерзімді басылымдарға берген сұхбатында:

– Ол күнді өзімнің достарымның арасында атап өтемін. 12 сәуір мен 2 қазан – мен үшін ашық есік күні. Тағдыр маған Қазақстанда ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ болуымды жазды. Бұл екі күнді атап өтемін. Олар мен үшін парыз ретінде қалыптасып кетті. 12 сәуір – дүниежүзілік ғарышкерлер күні. Бұл күні Юрий Гагарин алғаш ғарышқа ұшты. Ол адамзатқа ғарыш есігін ашты. 2 қазан – мен ғарышқа ұшқан күн. Қазақ халқы бұл күнді қатты күтті. Мен ғарыштан оралғанда не болғанын сіз елестете алмайсыз. Ондайды ұшқанға дейін де, одан кейін де өмірімде көрген емеспін. Алматыда, Қызылордада, Аралда табанымды жерге тигізген жоқ. Көліктер қатар жүріп отырды»,-дейді.

Ал әлем жұртшылығының назарын аударған сол оқиғаның куәгері, ғарыш айлағынан алғаш репортаж жасаған, белгілі журналист Төлеубай Ермекбаев алыста қалған тарихи сәттерді күні кеше ғана «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында сағынышпен еске алады. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен қатар Төлеубай Ермекбаевта сұңқардың самғау сәтін тасқа басып, тарихқа қалдырды. Ықшам репортаждың «Замандас» жастар апталығында жедел жарияланғаны есімізде. Тарихи фотосуреттердің авторы – сол кездегі «Пятница» газетінің фототілшісі Владимир Альбрехт. Кейіннен Төлеубай Мансұрұлы ғарышкер өмірі жайлы қос тілдегі «Ғарышта – қазақ» атты кітабын 15 мың данамен шығарады.

Д.Балабекұлы

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер