Қолды сенсорлық экранға айналдыратын смарт-сағат жасалды
29.04.2018, 12:36

Қолды сенсорлық экранға айналдыратын смарт-сағат жасалды

Болашақтың келгеніне сену қиын. Дегенмен, әлем керемет қарқынмен алға жылжуда. Бұған мысал ретінде көптеген ғылыми және технологиялық жетістіктерді атауға болады. Бұл орайда TengriMIX пайдаланушы қолын сенсорлық экранға айналдыратын сағат туралы хабарлайды.

Питсбургтағы (АҚШ) Карнеги-Меллон университетінің ғалымдары сенсорлық экранды тікелей адамның қолына түсіретін, өзінің LumiWatch смарт-сағаттарының алғашқысын ұсынды. Сағаттың интерактивті бетін проекциялауға болады. Мысалы, ол білекшеде, пайдаланушыға виртуалды дисплейді тап-және-свайп қимылдары арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сурет 40 сантиметрге дейін ұлғаяды. Ол, әзірлеушілердің айтуынша, әдеттегі «ақылды» сағаттардың интерфейсінен шамамен бес есе үлкен.

Сенсорлық экран үш лазермен (қызыл, көк және жасыл) сәулелену арқылы жасалады және проекция көшеде ажыратылатын жеткілікті жарықтыққа ие. Сондай-ақ, құрылғыда саусақты үнемі қадағалайтын функция бар.

Сағат дербес жұмыс істейді, проектордан бөлек, төрт ядролы процессормен, тереңдік датчигімен, 768 мегабайт жедел жадымен, 4 гигабайт флэш-жады және салыстырмалы қуатты батареямен жабдықталған. Зерттеушілердің айтуынша, тұрақты проекциялаумен сағат бір қуат көзімен бір сағаттан артық жұмыс істеді.

Сондай-ақ, әзірлеушілер осындай технологияны жасауға байланысты бірқатар кедергілерді атап өтеді. Атап айтқанда, интерактивті бетті қолға түсіру оңай емес. Өйткені қол тегіс емес. Осыған байланысты жұмыста бірқатар кедергілер туындауы ықтимал.

Айта кетерлігі, егер құрылғы сатылымға шықса, оның бағасы шамамен 600 долларды құрайды.

Дереккөз: 7kun.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер