Pokemon Go бір айда 200 млн доллар табыс тапты
10.08.2016, 18:35

Pokemon Go бір айда 200 млн доллар табыс тапты

Pokemon Go бір айда 200 млн доллар табыс тапты 7kun.kz

Pokemon Go қосымшасы бағдарлама шыққаннан бергі бір айда 200 млн доллардан астам табыс тапты. Мұндай ақпарат Sensor Tower сараптамалық компаниясының зерттеу қорытындысында жазылған, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ойын 6 шілдеде іске қосылды. Одан бөлек, Sensor Tower бағдарлама Жапонияда қолжетімді болған кезден бастап табысы арта түскенін айтады.

Үлкен атаққа бөленген ойын бұған дейін белгілі болған Candy Crush and Clash Royale секілді ойындарды басып озды. Салыстыру үшін, Clash Royale ойыны шыққан соң 30 күнде тапқан табысы 125 млн долларға жуық еді.

Sensor Tower-дың ақпаратына сәйкес, қолданушылар аталған бағдарламаға орта есеппен күніне 26 минутын жұмсайды.  App Annie зерттеу компаниясының мәліметтері бойынша,  Pokemon Go ең көп жүктелетін бағдарламалардың тізімінде 4-орында тұр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер