Агенттіктің сайтындағы есептеуішке сенсек дәл қазір халық саны 18 миллион 146 мыңнан асып жығылады екен. Оның 9 миллион 400 мыңы әйелдер, ал 8 миллион 800 мыңы ер адам. Бір қызығы елімізде орта есеппен әрбір 81 секунд сайын сәби дүниеге келеді екен. Ал, 216 секунд сайын бір адам қайтыс болады. Енді онлайн есептеуішті іске қосқан агенттік, болашақта үй аралап халық санағын жүргізуден бас тартпақшы. Бірақ, ол үшін деректер базасы мен басқа да техникалық мәселелерді әлі реттеу қажет. Сондай-ақ, жауаптылар алдағы 5-10 жылда адам саны қанша болатынын да нақты болжап отырмақ.
Елімізде әрбір 81 секунд сайын бір сәби дүниеге келеді
Бүгін Статистика агенттігі электронды есептеуішті іске қосты. Автоматты жүйе сәт сайын жаңарып, адам санының өсімін онлайн көрсетіп отырады, деп хабарлайды КТК-ға сілтемемен silteme.kz.