Еуразия Барысы" тариxына көз жүгіртсек, 2013 жылы бастау алған xалықаралық турнирде үш рет Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанған.
Ал 2014 жылы Моңғолия балуандары топ жарды.
Жалпы "Еуразия Барысының" жүлдегерлер қатарына Грузия үш рет, Моңғолия үш рет, Қазақстан төрт рет, Ресей және Өзбекстан бір реттен енген.
Халықаралық турнир ретінде өткен жарыс бесінші рет өткізілмек. Биылғы дода осымен екінші рет Алматыда өткізілгелмекші.
Күреске Грузия, Моңғолия, Ресей, Польша, Түркия, Қырғызстан тағы басқа көптеген елдің білекті балуандары қатысқан.
2017 жылғы «Еуразия Барысына» Бразилия, Жапония, Камерун алғаш қатыспақшы. Және де Өзбекстан, Түркия, Қазақстанның қос командасы шығады. Биыл Астанада өткен қазақ күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Р.Сонмес (Түркия), қазақ күресінен көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері және кураштан әлем чемпионы Мухсин Хисомиддинов (Өзбекстан), дзюдодан Жапония чемпионы К.Танию және тағы басқалары қатысады. Еліміздің командасы биыл екі құраммен шығады.
«Еуразия Барысына» қатысатын спортшыларды бапкерлік кеңес анықтайды. Әр командада сегіз балуаннан күреседі. Спортшылардың салмақ дәрежелері 55 кг, 60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, 90 кг, 100 кг, +100 кг бойынша.
І орын - 10 000 000 теңге
ІІ орын - 6 000 000 теңге
ІІІ орын - 4 000 000 теңге
«Qazaqstan», «Qazsport», Түркияның «TRT Avaz» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Ресейдің «Бокс ТВ» және «Матч! Планета» эфирінен де қайталанады.