Бейжіңдегі күмістен айырылдық
27.10.2016, 09:35

Бейжіңдегі күмістен айырылдық

Халықаралық олимпиада комитеті 2008 жылғы Олимпиада ойындарының допинг сынамаларын қайта тексергеннен кейін тоғыз спортшының жетістігін жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚОК баспасөз қызметі.

Спортшылардың жаңа тізімінде еркін күрестен 84-96 салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер Қазақстан спортшысы Таймураз Тигиев те бар.
ХОК-тың тәртіптік комиссиясының құрамына Денис Освальд (төраға), Гунилла Линдберг мен Угур Эрденер кірді. Комиссия Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне күміс жүлдені, дипломды және Олимпиада спортшысының төс белгісін қайтарып беруін қамтамасыз ету жөніндегі шешім шығарды.
Тізімде бес медаль иегері атап көрсетілген, олар: ресейлік желаяқ Екатерина Волкова (қола медаль), Өзбекстаннан еркін күрестен Сослан Тигиев (күміс медаль), Украина ауыр атлетшісі Ольга Корбка (күміс жүлде), Беларусь спортшылары Анастасия Новикова (қола) мен Андрей Рыбаковлар (күміс).

Жалпы алғанда ХОК-тың екі мәрте тексеру қорытындысы бойынша 2008-2012 жылғы Олимпиадаға қатысқан 98 спортшының сынамасынан тыйым салынған заттар табылды. Соның ішінде екінші мәрте тексеру кезінде 23 жүлдегердің тесті қорытындысы бойынша нәтиже таза болмай шықты.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер