Балалар үйінің түлегі суға секіруден Қазақстан чемпионатында күміс медаль еншіледі
05.12.2016, 13:05

Балалар үйінің түлегі суға секіруден Қазақстан чемпионатында күміс медаль еншіледі

Артем сол жақта Артем сол жақта

Атыраудағы Қозыбаев атындағы балалар үйінің түлегі Артем Карепанов суға секіруден ҚР чемпионатында күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“Атырауда трамплиннен суға секіру – мүлде жаңа спорт түрі десек болады. Сол себепті Карепановтың күміс жүлдесі біз үшін сенсация. Ол осы жетістікке жету үшін небір мықты спортшылармен таласты. Артем тағы бір күміс жүлдені Роман Розыбакиевпен бірге жұптасып өнер көрсету бойынша алды. Болашақта Артем Атырауға келген украиналық спортшы Алес Пригоровпен бірге де жарыстарға қатысуы мүмкін. Біздің басты мақсатымыз – 2018 жылғы Азия ойындары мен 2020 жылғы Олимпиада ойындары”, – деді Артемнің бапкері Владимир Молчанов.

17 жастағы Артем осылайша облыс тарихында суға секіру бойынша спорт шебері талабын орындаған алғашқы спортшы атанды.

Алматыдағы ел чемпионатында Артем жалғыз секіруде екі алтын, үш қола алды. Бұл оның жастар арасындағы көрсеткіші. Ал қос күмісті ол ересектер арасындағы бағдарламада еншіледі.

Оны қазірдің өзінде Астана және Алматы құрамалары өз қатарларына шақырып жатыр екен. Бірақ, Атырау талантты спортшыны жібергісі келмейді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер