Показать содержимое по тегу: ауыс түйіс
Бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Мұхтар Құл-Мұхаммед қызметінен босап, Сенатқа депутат болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Өзбекстанда Қаржы министрлігінің 24 лауазымды тұлғасы қызметінен кетті. Бұл ел президенті Шавкат Мирзиеевтің 22 желтоқсандағы парламентке Жолдауында аталған министрлік жұмысын қатаң сынға алғаннан кейін болды, деп хабарлайды ӨзА агенттігіне сілтемемен ҚазАқпарат.
Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы – Ахметжан Есімовті таныстырды, деп хабарлайды silteme.kz порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.