Показать содержимое по тегу: Isvrtyn
Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында ұлы күнді ұлықтау жоғары дәрежеде тойланды. Мереке аясында облыстың аудан, қалаларында әлеуметтік және коммуналдық, жалпы саны 110 нысан ел игілігіне тапсырылды, деп хабарлайды облыстық әкімдік баспасөз қызметіне сілтемемен silteme.kz.
Елбасы телекөпір барысында Шымкент қаласындағы «Химфарм» акционерлік қоғамының қатты дәрілер шығаратын цехын іске қосты. Жалпы құны 13,5 млн АҚШ доллары болатын бұл жоба кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асырылды. Өнімнің 80 пайызы ішкі нарыққа, қалған 20 пайызы экспортқа жіберіледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды silteme.kz.