Показать содержимое по тегу: биыл
Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы қосымша 24,9 мың шаруа қожалық 102 кооперативке бірігетін болады. Нәтижесінде 2,7 мың тонна ет, 34,2 мың тонна сүт, 6 мың тонна жеміс, 5 мың тонна көкөніс дайындалады деп жоспарлануда. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. Сонымен қатар, 3173 бірлік шағын мал бордақылау алаңы, 731 бірлік жанұялық сүт ферма, 15 бірлік шағын құс фермасы және 7 бірлік балық шаруашылықтары ашылады деп күтілуде, деп хабарлайды silteme.kz АА.
Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. 16 қаңтар күні облыстық №2 перинаталдық орталығында бір ұл мен екі бірдей қыз баласы туылған, деп silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.