Алматы облысында парапланерлық спорттан Әлем кубогы өтеді
27.04.2018, 14:31

Алматы облысында парапланерлық спорттан Әлем кубогы өтеді

Биыл Алматы облысында Парапланерлық спорттың дәлме-дәл қону түрінен Әлем кубогы өтеді. Бұл туралы шара ұйымдастырушылары - Экстремалды спорт федерациясының жетекшісі Игорь Виршки, Экстремалды спорт федерациясы жетекшісінің орынбасары Сәбина Азамбаева, бапкер, спорт шебері Игорь Коренскийдің қатысуымен  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Экстремалды спорт федерациясының жетекшісі Игорь Виршкидің айтуынша, әлем чемпионаты Жоңғар Алатауында 4-6 мамыр аралығында ұйымдастырылады. Таудың орналасуы әуеде ұшуға қолайлы алаң болып табылады.

«Шалғай аймақта әлемдік деңгейдегі шара неге өткізіліп жатыр деген сауал туындауы мүмкін. Оның басты себебі 2016 жылы өңірде Азия чемпионаты, одан бұрын 2015 жылы Азия чемпионаты алдындағы жарыстың өтуі. Халықаралық аэронавтика қауымдастығы біздің ұшу орындарын, сайыстарды ұйымдастыру мен дайындық деңгейін өте жоғары бағалады. Сондықтан, мамыр айында Әлем кубогын өткізу құрметі ұсынылды», - деп атап өтті Игорь Виршки.

Әлем кубогында Үндістан, Чехия, Корея, Косово, Моңғолия, Кипр, Румыния, Сербия, Словения, Түркия, Украина сияқты т.б. 15 шет мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Ал Алматы облысынан 10 үздік спортшы бақ сынаспақ.

Спорттық шараның серіктесі болып табылатын Өңірлік кәсіпкерлер палатасы халықаралық деңгейдегі оқиғаның орын алуы аймақта аэротуризмнің дамуына жаңа серпін беретініне сенімді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер