Әйгілі футболшы Месси үшінші рет әке атанды
11.03.2018, 18:54

Әйгілі футболшы Месси үшінші рет әке атанды

Әйгілі футболшы Месси үшінші рет әке атанды http://reactor.inform.kz

Әлемнің ең үздік футболшыларының бірі, «Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Мессидің үшінші перзенті дүниеге келді, деп хабарлайды reactor.inform.kz сайты Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Каталониялық клуб сенбікүні өз сайтында Мессидің жеке себептерге байланысты 10 наурызда өтетін Испания чемпионатына қатыспайтынын хабарлаған еді.

Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, футболшы үшінші ұлы дүниеге келгендіктен ойынға қатыса алмаған.

Ал футболшының өзі Instagram желісіндегі парақшасында сәбиінің қолының суретін жариялап, «бәрінің жақсы өткенін» айтты.

«Сәлем,Чиро! Анасы мен сәбидің жағдайы жақсы. Біз өте бақыттымыз» – деп жазды Месси.

Айта кетсек, Месси мен жұбайы Антонелла Тиаго және Матео есімді ұлдарын тәрбиелеп отыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер