Алматы облысының полицейі «джиу-джитсудан» Азия чемпионатына қатысады
28.02.2018, 13:06

Алматы облысының полицейі «джиу-джитсудан» Азия чемпионатына қатысады

Алматы облысының полицейі «джиу-джитсудан» Азия чемпионатына қатысады azertag.az

Алматы облыстық ІІД арнайы жасағының сарбазы Мәди Досмұхаметов джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы атанды. Енді ол Азия чемпионатында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция лейтенанты Мәди Досмұхаметов облыстық ІІД жедел әрекет ету арнайы бөлімінде қызмет етеді. Қазақстан біріншілігіне 84 кг салмақта қатысты. Жеңіс тұғырынан көрінген тәртіп сақшысына жеңімпаз кубогы мен медалін Алматы облыстық ІІД басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Ұрымханов табыстады.

Айта кету керек джиу-джитсудан Азия чемпионаты сәуір айында Бішкекте өтеді деп жоспарланған. Мәди Досмұхаметов чемпион атағымен бірге осы доданың жолдамасын ұтып алды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер