Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы беріледі
24.01.2018, 14:32

Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы беріледі

Пхенчхандағы (Оңтүстік Корея) қысқы Олимпиада ойындарынан жүлдемен оралаған спортшыға қанша сыйақы берілетіні белгілі болды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов айтты.

«Медаль алған спортшыларға өткен Олимпиада ойындары секілді сыйақы беріледі. Бірінші орын алған спортшы мен оның бапкеріне 250 мың доллар қарастырылған. Екінші орынға – 150 мың, үшінші орынға – 75 мың доллар. Алтыншы орынға дейінгі спортшыларға сыйақы бар. Бұған дейін де сыйақы мөлшері осындай болды», - деді Қанағатов.

Демек, өткен ойындармен бірдей болса, төртінші орын алған спортшыларға 30 мың доллар беріледі. Бесінші орын – 10 мың, алтыншы орын – 5 мың доллар.

Айта кетейік, Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындары 9 ақпанда басталып, 25 ақпанда бітеді.

Төлеш Есет Журналист, ©prosports.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер