Салық төлеуден жалтарған танымал футболшылар кімдер?
08.07.2016, 15:29

Салық төлеуден жалтарған танымал футболшылар кімдер?

Салық төлеуден жалтарған танымал футболшылар кімдер? 7kun.kz

Лионель Мессиге шығарылған үкімнен кейін Vestifinanc қылмыстық жауапкершілікке тартылған немесе салық төлемегені үшін күдікке ілінген танымал өзге де футбол ойыншыларының тізімін құрастырды, деп хабарлайды 7kun.kz

Осыған дейін Испания шетелдік футболшылар үшін Панаманың ролін ойнаған еді. Алайда 2012 жылғы экономикалық дағдарыстан кейін испандық билік 300 мың еуродан көп жалақы алатындар үшін салық көлемін арттыруды шешті. Яғни көпшілік ойыншылар жалақыларының тең жартысын салыққа төлеулері тиіс еді. Қазір Каталониядағы салық 56%-ды, Мадридтегі салық 52%-ды құрайды.

Футбол рейтингі жоғары басқа елдердегі салық көлемі 50 пайыздан төмен: Ұлыбритания — 50%, Жапония — 50%, Германия — 45%, Италия– 43%, Франция – 40%, Аргентина – 35%, Нидерланды – 30%, Бразилия – 27%, Түркия – 15%, Ресей – 13% және Катар – 0%.

Салықтан жалтарғаны үшін айыпталған Месси ғана емес. 2016 жылдың наурызында «Барселонаның» тағы бір ойыншы Неймарды да Бразилия соты салық төлеуден жалтарды деп айыптады. Ойыншы ел қазынасына 188 млн бразилиялық реал (46 млн еуро) төлеуі қажет. Бұдан бөлек сот Неймарға тиесілі тікұшақты тәркілеп, «Барселона» ойыншысының есепшотын бұғаулады.

Соттың мәлімдеуінше, ойыншы салық декларациясында өз дәулетін 19,6 млн реал (4,5 млн еуро) деп көрсеткенімен, шын мәнінде оның байлығы бірнеше есе көп болып шыққан.

Аргентина құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы, әлемдік футболдың жұлдызы Диего Марадона да салық дауынан тыс қалған жоқ, Салық қызметкерлері 11 жыл ішінде Марадонаның қаржылай есебін тексеріп, Италия билігіне 22 млн еуро қарыз екендігін анықтады. 2012 жылы оның 40 млн еуро көлемінде салық төлеуден жалтарғаны белгілі болды. Бірақ Марадонаның мәлімдеуінше, қорғаушысы аргентиналықтың салықтан бас тартпағандығын дәлелдеген.

2015 жылдың желтоқсанында Неймар мен Мессидің әріптесі аргентиналық Хавьер Маскерано да испандық бюджетке салық төлемегені үшін сотқа тартылды. Тергеушілердің сөзінше, футболшы 2011-2012 жылдар аралығында 1,5 млн еуро көлемінде салық төлемеген. Оны 1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырып, 816 мың еуро көлемінде айыппұл салды.

2006 жылғы футболдан әлем чемпионы Фабио Каннаваро да осы тізімнің қатарында бар. 2014 жылдың күзінде италияндық билік Каннавароға қатысты іс қозғады. Тексеру кезінде оның 2005-2010 жылдар аралығында 1 млн еуро көлемінде салық төлемегендігін анықтады. Құқық қорғаушылар оның 1 млн еуро активін және құны 180 мың еуро болатын яхтасын тәркіледі. 2015 жылдың ақпанында сот тыйым салған мүлкін пайдаланғаны үшін ойыншыны 10 айға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Мұндай жазаға футболшының ағасы Паоло және әйелі Даниэламен бірген үй жанындағы бассейнде бірнеше сағат демалғандары себеп болған.

2016 жылдың ақпанында мадридтік «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Хаби Алонсоның да салықпен проблемасы болған. Испания прокуратурасы соттан Испаниядан Германияға көшіп, мюнхендік «Бавария» ойыншысы атанған ойыншыға қатысты іс қозғауын сұрады. Құзырлы органдардың сөзінше, Хаби Алонсо 2009-2011 жылдар аралығында қазынаға 3 млн еуро төлемеген.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер