Месси бастаған Аргентина футболшылары Қазақстанмен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін
11.02.2018, 15:33

Месси бастаған Аргентина футболшылары Қазақстанмен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Месси бастаған Аргентина футболшылары Қазақстанмен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін Eurosport

Қазақстан және Аргентина футбол құрамалары 4 маусым күні Астанада жолдастық кездесу өткізуі мүмкін, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Әлем чемпионаты алдында Аргентина құрамасы бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Алайда, қарсыластары жайлы нақты ақпарат әзірге белгілі емес. Сол қарсыластарының бірі Қазақстан болып қалуы әбден мүмкін.

Өйткені, Қазақстан Әлем чемпионаты өтетін Ресейге өте жақын. Жолдастық кездесу үшін алыс жол жүрудің қажеті жоқ. Қазақстандық тараптан ыңғайлы ұсыныс түссе, ғаламдық дода басталмас бұрын шәкірттерін бір сынап алуға Хорхе Сампаоли да қарсы бола қоймауы мүмкін.

Айта кетейік, 4 маусым - 2018 жылғы футболдан Әлем чемпионатына қатысатын командалардың чемпионатқа қатысатын соңғы тізімін ұсынатын күн. Сол себепті Аргентина футбол құрамасының бас бапкері Хорхе Сампаоли бұл матчқа кеңейтілген құрамды (30-35 ойыншы) немесе Әлем чемпионатына қатысатын соңғы құрамды (23 ойыншы) шақыруы мүмкін.

Ресейде 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтетін әлем біріншілігінде Аргентина құрамасы Исландия, Хорватия және Нигериямен бір топта бақ сынасады.

Қуаныш Қаппас Журналист ©prosports.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер