Жақында футбол әлемінің құпияларын ашумен аты шыққан Football Leaks сайты осы сұрақтың жауабын тауыпты, деп жазады prosports.kz.
Олардың айтуынша Леоға каталониялық клуб жылына 100 млн еуро жалақы төлейтін көрінеді.
Мессидің жылына алатын тұрақты жалақысы 71 млн еуроны құрайды. Бұған Мессидің обыразы арқылы түскен табыстың 15%-ы(€ 63,5 млн) қоса төленеді. Испанияда табыс салығы өте жоғары болғандықтан футболшы бұл ақшалардың бәрін өзі ала алмайды. Бірақ, түрлі салықтарды толық төлегеннен кейін қолына алатын жалақының өзі 50 млн еуроға жетеді. Бұл дегеніңіз Мессидің басты бәсекелесі Криштианудың алатын жалақысынан тура екі есе көп.
Одан сырт Месси келісімшарт мезгілі біткенше командадан кетпесе, "Клубқа адалдығы үшін" 70 млн еуро сыйақы алады. Бұған қоса алдағы төрт жылда барлық кездесудің 60%-ына қатысатын болса тағы 19 миллион төленеді. Егер осы аралықта «Барселона» командасы Чемпиондар лигасын жеңіп алса Лионельдің қалтасына және 12 млн сыйақы түсетін болады.
Осының бәрін қоса есептегенде Месси төрт жылда клубтан 417 млн еуро алатын болады. Демек, орта есеппен жылына 100 миллионнан көп табыс табатын болады. Бірақ, бұл тек «Барселона» клубынан алатын табысы ғана.