Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингті 9-орынмен түйіндеді
31.12.2017, 18:36

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингті 9-орынмен түйіндеді

Өткен жылы да желтоқсан айында осы орыннан көрінген еді.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2017 жылғы әлемдік рейтингті 9-орынмен түйіндеді. Өткен жылы да желтоқсан айында осы орыннан көрінген еді.

FutsalWorldRanking.be порталы бүгін жаңарған рейтингті жариялады. 1488 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы 9-орынға орналасқан.

2017 жылы қазақстандық футзалшылар 2018 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуде топтан бірінші орынмен шықты. Сондай-ақ Тайланд пен Ирандағы халықаралық турнирлерге қатысты. 11 ойын өткізіп, 6 рет жеңіске жетті. 3 ойында тең ойнап, 2 кездесуде қарсыластарына есе жіберді.

Әлемдік рейтингтің алғашқы ондығында көп өзгерістер орын алмаған. Тек Иран мен Италия құрамалары орын алмасқан.

Алғашқы ондық:

1. Бразилия - 1 931 ұпай;
2. Испания - 1 878 ұпай;
3. Ресей - 1 740 ұпай;
4. Аргентина - 1 683 ұпай;
5. Иран - 1 625 ұпай;
6. Италия - 1 607 ұпай;
7. Португалия - 1 600 ұпай;
8. Украина - 1 500 ұпай;
9. Қазақстан - 1 488 ұпай;
10. Әзірбайжан - 1 452 ұпай.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне қатысады. Какау жаттықтыратын қазақстандық футзалшылар топта Ресей және Польша құрамаларымен ойнайды. Топтан екі команда шығады.

Айта кетейік, футзалдан ФИФА-ның ресми рейтингі жоқ. Негізгі рейтинг ретінде FutsalWorldRanking.be нәтижесі басты назарға алынады.

Дереккөз: vesti.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер