Головкинді белбеуінен айыру туралы IBF тыңдауы аяқталды
24.05.2018ж.

Головкинді белбеуінен айыру туралы IBF тыңдауы аяқталды

Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) чемпиондық белбеуді украиналық Сергей Деревянченкоға (12-0, 10 КО) қарсы қорғауға міндеттеу жөніндегі тыңдауы аяқталды. Бұл жайында ESPN журналисі Дэн Рафаэль мәлімдеді, деп хабарлады Sports.kz.

«IBF тыңдауы төрт жарым сағатқа созылды. Оған қатысқандардың арасында қос боксшы, GGG бапкері Абель Санчес, GGG промоутері Том Леффлер, GGG адвокаттары Пэт Инглиш пен Рон ДиНикола, Деревянченконың промоутері Лу ДиБелла, Деревянченконың менеджері Кит Коннолли және Деревянченконың адвокаты Алекс Домброфф болды. Тараптар өз көзқарасын білдірді, бір-бірінің сөзін теріске шығаруға мүмкіндік болды, ал содан кейін IBF комиссиясының үш мүшесінің сұрақтарына жауап берді. Шешім келесі аптада қабылданады», — деп жазды Рафаэль.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер