Ломаченко Головкинді P4P рейтингінде ығыстырды
15.05.2018, 16:10

Ломаченко Головкинді P4P рейтингінде ығыстырды

Жеңіл салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік боксшылары тізімінде көш бастады.

Украиналық боксшы Василий Ломаченко 12 мамырда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен бокс кешінде венесуэлалық Хорхе Линаресті (44-4, 27 КО) нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақта (61,2 келіге дейін) WBA титулын иеленді. Соның арқасында ол рейтингте бір саты жоғарылап, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (38-0-1, 33 КО) екінші орынға ығыстырды. Сондай-ақ, украиналық боксшы үш дивизионда небәрі 12 жекпе-жек өткізіп айтарлықтай рекордтты жаңартты. Бұрынғы рекорд - 20 жекпе-жек болатын. Ломаченко 2018 жылдың кабельді телекөрсетілім бойынша рекорд орнатты.

WBN тұжырымы бойынша P4P рейтингісіндегі 10 үздік боксшы:

1 (2). Василий Ломаченко

2 (1). Геннадий Головкин

3 (3). Теренс Кроуфорд

4 (5). Майки Гарсия

5 (13). Энтони Джошуа

6 (4). Сауль Альварес

7 (9). Срисакет Сор Рунгвисаи

8 (6). Наоя Иноуэ

9 (16). Вангек Менайотин

10 (15). Александр Усик

Дереккөз: Vesti.kz


Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер