"Канелоның" допингіне байланысты дау қалай аяқталуы мүмкін екені анықталды
28.03.2018, 11:24

"Канелоның" допингіне байланысты дау қалай аяқталуы мүмкін екені анықталды

Альварестің ісін тыңдау барысындағы негізгі фактор оның қанындағы кленбутерол дәруменінің көрсеткіші болады, деп хабарлайды silteme.kz AA vesti.kz порталына сілтеме жасап.

HBO телеарнасының комментаторы Макс Келлерман мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) қарсы кездесудің алдында допингпен ұсталған ісінің қалай аяқталуы мүмкін екенін айтты. 

Бұған дейін Невада штатының Атлеттер комиссиясы Альварестің екі допинг-сынағы оң болғанына байланысты уақытша жекпе-жектерден шеттеткен болатын. Оның қанында кленбутерол дәрумені табылған еді. Мексикалық боксшының ісіне нүкте 10-сәуір күні қойылады. Ал Головкинмен екінші кездесу 5-мамырға жоспарланып отыр. 

Келлерманның айтуынша, Альварестің ісін тыңдау барысындағы негізгі фактор оның қанындағы кленбутерол дәруменінің көрсеткіші болады екен. 

"Каналоның" кінәлі емес екеніне және оның әдейі дәруменді қолданбағанына кім сенеді. Бірақ ол Мексикада еттің бұзылғанын айтады. Сөйтіп, Альварестің қанына байқаусызда түскенін алға тартады. Негізі "Канелоға" бұрын түпкілікті орта салмаққа ауысуы керек еді. Бірақ кленбутерол сіздің күшіңізді арттырмайды. Ол тек салмақ тастауға көмектеседі. Бірақ "Канелоға" бұлайша салмақ тастаудың не қажеті бар?

Бірақ Мексикада уақытын өткізетін боксшыларда бұған қатысты сылтау бер дейді. Егер олар бұл дәруменді шынымен қолдандаса да сытылып кете алады. Жауапты біз сәуір айында бұл істі тыңдау кезінде жауап аламыз. Егер кленбутерол көрсеткіші расында көп болатын болса, бұған боксшының командасы шынайы түсініктеме бере алмаса, "Канело" көпшілікті алдады деп айтуға болады. 

Дегенмен жағдай Франсиско Варгастың Орландо Салидоға қарсы кездесуінің алдындағы болған оқиға секілді болуы мүмкін. Ол кезде жекпе-жек өтті. Варгас болса кінәсіз шықты. Барлығы істің қаралымы кезінде шешіледі. Егер кленбутерол мөлшері аз болатын болса, онда ол расымен еттен түсуі мүмкін. Егер дәрумен тым көп болатын болса, онда іс басқаша болады", - деді Келлерман FightHype.com порталына берген сұқбатынды. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер