Әбу-Дабиде Қазақстан-әмірлік үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы өтеді
26.10.2016, 09:49

Әбу-Дабиде Қазақстан-әмірлік үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы өтеді

  1. 2017 жылғы қаңтарда Әбу-Дабиде Қазақстан-әмірлік үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

2016 жылғы 25 қазанда ҚазақстанныңБіріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ Сыртқы істер жөніндегі Мемлекеттік министрі, Қазақстан-Әмірліктер бірлескен үкіметаралық комиссиясының әмірліктер тарапынан тең төрағасы доктор Әнуар Гаргашпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әбу-Даби әмірлігінің Тақ мұрагері шейх Мұхаммед Әл Нахаянмен болған кездесудегі қол жеткізілген уағдаластықтары аясында Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы қалыптасқан достық қатынастардың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасылды. Сындарлы сұхбат барысында 2017 жылғы қаңтарда Әбу-Дабиде Үкіметаралық комиссияның 6-шы бірлескен отырысын ұйымдастыру мәселелеріне басты назар аударылды. Сондай-ақ,тараптар екіжақты ынтымақтастықтың шарт-құқықтық базасының қазіргі жағдайын талқылады. Сауда-экономикалық инвестициялық, индустриалды-инновациялық және көлік-логистикалық салалардағы белсенділіктің өсімі атап айтылды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер