Елбасы ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігінде болады
24.10.2016, 15:22

Елбасы ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігінде болады

  1. Қазақстан Президенті 24-25 қазанда ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігінде болады. Сапар аясында Корольдіктің мемлекет қайраткерлерімен және іскер топтар жетекшілерімен бірқатар кездесу өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен, тақ мұрагері, премьер-министрдің бірінші орынбасары, Сауд Арабиясының ішкі істер министрі Мұхаммед бен Наиф Әл Саудпен, тақ мұрагерінің ізбасары, премьер-министрдің екінші орынбасары, Сауд Арабиясының қорғаныс министрі Мұхаммед бен Салманмен, сондай-ақ Ислам даму банкінің жаңадан тағайындалған президенті Бандар бен Мухаммад Хаджармен кездеседі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер