ҰҚК төрағасы: Алматы облысында теракт жасауды жоспарлағандар – салафиттер
29.08.2016, 17:55

ҰҚК төрағасы: Алматы облысында теракт жасауды жоспарлағандар – салафиттер

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Владимир Жұмақанов Алматы облысында теракт жасауды жоспарлады деген күдікпен ұсталғандардың “салафиттік топтың өкілдері” екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

 Астанада өткен конференцияда жергілікті тілшілердің сұрақтарына жауап берген ол «Ұсталған төрт күндіктінің бірі – Қырғызстан азаматы. Оларға «террористік ұйым қызметіне араласу» ісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауда отыр, тергеу жүріп жатыр. Олар – салафиттік идеологиялық ағымды ұстанғандар», - деді.

22 тамыз күні ҰҚК 18 тамызда Алматы облысында жүргізілген арнайы операцияда “теракт жасауды жоспарлады” деген күдікпен төрт адам ұсталғанын, олардың арасында Қазақстан мен Қырғызстан азаматы барын хабарлаған болатын. Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, радикалдық топтың сезікті мүшелерін ұстау операциясы Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында өткен. ҰҚК күдіктілер тұрып жатқан жерден “жарылғыш құрылғы жасауға арналған заттар” табылып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер